Жағымды жаңалықтар

Шымкенттің бас имамы бастамашы болды

Шымкент қаласындағы Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» ағаш отырғызу шарасы өтті.

Игі бастама Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың ұсынысымен өткен. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында қолға алынған шара Шымкент қаласы әкімдігі мен қалалық Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақ басшылығы тарапынан қолдау тапты. Сөйтіп қалаға қарасты 89 мешіттің имамы, ҚМДБ Жастар ісі секторы, «Зекет және қайырымдылық» қорының қаладағы өкілдері мен ерікті азаматтар қатысып, ағаш отырғызды.

Айта кетсек, биыл Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта «Шымкент қаласы имамдарының аллеясы» ашылған болатын. Аллея аумағына түрлі сұрыпты ағаштар отырғызылып, тұрақты тазалық шаралары өткізіліп келеді.

«Замана»-ақпарат.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button