Жағымды жаңалықтар

74 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады

Түркістан облысында биыл Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 17 млрд 570,1 млн теңге қаралып, 73 996 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып отыр.

Бұл туралы брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашов мәлімдеді, – деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атап айтқанда, 43714 адам бос және жаңа жұмыс орындарына, 1140 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға, 704 адам шағын несие беруге, 3650 адам «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға, 3200 адам мемлекеттік грантқа, 3050 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 5390 адам жастар практикасына, 12947 адам қоғамдық жұмыстарға, 198 адам «Алғашқы жұмыс орны» жобасына, 3 адам мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орнына жолданатын болады.

«2021 жылдың 1 сәуіріне дейін биыл 23972 адам жұмыспен қамту шараларына қатысып үлгерді. Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бекітілген кестеге сәйкес оқу 2021 жылдың 26 сәуірінде басталып, 5 ағымда жүргізіледі. Жалпы «Бастау Бизнес» жобасына қатысушылардың орта есеппен 66,4%-ы әлеуметтік және әлжуаз топқа жататын азаматтар оқытылады», – деді Нұржан Кеңесбұлы.

Сондай-ақ брифингке қатысқан Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер бойынша орынбасары Жанна Тілеубекова «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту карантинге байланысты онлайн форматта өтетінін хабарлады.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button