Где продают стафф через закладку?

Добавь к себе рабочие зеркала гидры .

Уникальный способ обхода блокировоки.

Hydra зеркало HYDRA:ONION:РАБОЧИЕ:ЗЕРКАЛА:SHOP:ГИДРА:САЙТ:ЗАЙТИ:ССЫЛКА

Гидра сайт
HYDRARUZXPNEW4AF
HYDRA2WEB


Ссылка на Hydra в торе. Как попасть на Гидру onion с помощью ТОР браузер.





hydraruzxpnew4af.anion









Как войти на Гидру без ТОР браузера и купить кокс чистый?

Площадка с наркотиками онлайн, в телеграме, в торе, в клирнете.

Реусрс который вы так просили: амфитамин, спайс, гашиш, чистейший кокаин, героин, лсд — все доступно на официальном hydra2web магазина гидра.

Москва, Санкт-Петербург, Владимир, Нижний Новгород, Астрахань, Пермь, Первоуральск, Омск, Казань, Новгород, Астана, Киев, Минск, вся Россия.

Моментальные шопы Гидра — посещение Гидра сквозь онион гарантирует анонимность и защищенность совершения сделок в сети.

Предоставленная разработка Тор расшифровывается как The Onion Router, собственно что значит луковый маршрутизатор, который дает частный канал передачи инфы.

TOR дает собой инноваторскую технологию, а с поддержкой Гидра онион зеркала на ТОР возможно оставаться анонимной личностью в сети Онлайн.

Hydra гидра интернет-площадка разнообразных продуктов, какие невозможно приобрести в простом магазине Уникальный веб hydra2web onion Гидра онион пространно доставляет категорию продукции, которая, в большинстве случаев, не разрешена. Приказывать продукты на данной площадке довольно просто, а самое ключевое, фактически что сохраняется приватность. • Некоторые знаменитые магазинчики и мультимедийные библиотеки оставь в Darknet, чьи продукты воспрещены; • На том же ресурсе потреблять «зеркала» многих знаменитых торрент, какие утратили знаменитость; • Признанный журнальчик вопросов и выводов Утаенные выводы; • Есть множество игровых и развлекательных hydra2web; • Беспросветный интерент располагает буквальный журнальчик Torist и т. Д.

Как войти на Гидру без ТОР браузера Если ежели ради вас прежде нагружать интернет-браузер ТОР, ведь вероятно пользоваться некоторым способом. Потреблять возможность заглянуть для Hydra onion с поддержкой специализированного шлюза, некоторый считается личного семейства «соединителем» промеж вашим устройством и сервером, дозволяющим наведывать подобные ресурсы. В предоставленном случае переданный рецепт доставляет непосредственную ссылку, какая настроена определенным образом. Порядок преодолеют наведывать лавочка Hydra (гидра) с безусловно всякого браузера и с всякого прибора.

О гидре

Гидра зеркало Рабочее зеркало Гидра – список своевременных зеркал Hydra тут Не выходит побывать вебhydra2web Hydra? Рекомендуем для вас перечень трудящихся зеркал Гидра онион официального вебhydra2webа Hydra. Всякий раз свежее и животрепещущее зеркало Гидра Онион гиперссылка лишь только у нас на веб hydra2web.

Собственно что это Гидра и ТОР

ТОР – это особая разработка, какая акцентирует возможность сокрыть личную персону в Онлайн узы.

Лавка Hydra, который возможно побывать сквозь Гидра официальный веб hydra2web зеркало, дает собой универсальный интернет магазин оригинальных продуктов, которые не разрешены к перепродаже на нормальных ресурсах.

Данная платформа Гидра отражение весельчак работает по всей земли РФ, Беларуси и Украины совершенные дни 7 дней в недельку.

Так появились не блокируемые зеркала и гиперссылке в площади онион даркнета. Добавь себе оригинальные ссылки на зеркала гидры и делись с друзьями.

Сколько угрожает за употребление наркотиков? - ни сколько, ежели ты правильно используешь неподписанную линию единиц и правильно разыскиваешь закладки.

В сети потреблять больше часть фейковых площадок, какие сделаны для домене onion, TOR, Hydra и многое иное

Водились безотносительно съедены квелые пространства, какие утилизировали ДДосеры для нарушения нашего равновесного плана

Вот и протест для вопрос – как войти на Гидра отражение.

Как не попасть в лапы жуликов

Для такого, дабы избежать расплодившихся в последнее время каждого семейства жуликов, разработчиками была сотворена бесперебойная сеть зеркал

Пользуйтесь Гидра онион зеркало официальный вебhydra2web сохраните ссылку на этот hydra2web в закладки. РКН может ограничить доступ к hydra2webу, скачайте все ссылки с этого hydra2webа к себе на устройство.

Африкада аң аулаған қазақ – Zamana
Сұхбат

Африкада аң аулаған қазақ

Қазақстанға қалыптасқан дәстүр бойынша биыл да араб шейхтары келіп, құс аулайтын болды, бұл жөнінде ақпарат құралдарында жарияланды. Кеңінен алып қарағанда мұны аңшылық туризміне жатады десек болады. Осы орайда біздің есімізге шет мемлекеттерге аң аулауға шығып тұратын белгілі кәсіпкер Батыр Сейкенов түскен еді. Өйткені Б.Сейкеновтің елімізде жануарлар әлемін қорғауға, аңшылық туризмін дамытуға қатысты айтып жүрген өзіндік ой-пікірлері бар. Сондықтан кешегі аптада біз ол кісімен хабарласып, аз-кем сұхбаттас болдық.

Туристер 1 арқар үшін 100 мың доллар төлеуге дайын

Сізді жұртшылық шетелдерге барып аңға шығып тұратын қазақ деп таниды. Осы уақытқа дейін әлемнің біраз елдерін аралаған шығарсыз?

– Иә, шетелдерге барып, аңға шығып тұратыным рас. Оңтүстік Американың, Солтүстік Американың, Еуразияның, Африканың көптеген елдерінде болғанмын. Тынық мұхиттан, Үнді, Атлант мұхиттарынан балық аулаған кездерім де аз емес. Өз еліміздің де барлық дерлік аумақтарында болдым. Ресейдің Киров, Вологод облыстарында, Великий Устюгте, Камчатка, Чукотка, Таймыр түбектерінде де аң ауладым.

– Жалпы, осы сапарларда көрген-білгеннен көңілге қандай ойлар түйдіңіз?

– Әрине, ел, жер көрген соң солардың жақсы, пайдалы жағына қызығасың, бізде де солай болса ғой деп ойлайсың. Өйткені біздің елімізде де кереметтей мүмкіншіліктер бар. Биологиялық алуан түрлілігі жөнінен Қазақстан Африка, Еуропа елдерінен, АҚШ-тан, Канададан кем түспейді. Бірақ біз табиғатты дұрыс пайдалана алмай жүрміз, одан табиғатқа зиян келеді. Негізі жануарлар дүниесін дұрыс жолға қойылған аңшылықпен ғана сақтап қалуға болады. Табиғатты дұрыс пайдалансақ, өзімізді, ел тұрғындарын, шетелдік туристерді де қажеттімен қамтамасыз ете алар едік.

Мысалы, біздің елде дүние жүзі бойынша ең ірі бұғы – марал бар. Мыңдаған шетелдік туристердің марал аулағысы келеді, ол үшін қыруар ақы төлеуге дайын. Бізде арқардың 9 түрі мекендейді, оны да мыңдаған туристердің аулағысы келеді. Әрине, есепсіз қырмайды, оған жол берілмейді, тек шетелдердегідей заң қабылдап, тәртіп орнату керек. Шетелдерде аңшылық шаруашылықтарында арнайы есеп жүргізіліп, жыл сайын жануарлардың әр түрінің өсіп-өнуі қадағаланып отырады, аңшылық кезінде атуға болатындары нақтыланады. Турист сол аңдарды ғана аулайды, оған қызығы экзотикалық жануардың етін жеу емес, трофей иелену, аңшылық туризміне қатысу. Сол үшін ол тиісті ақысын төлейді. Осындай жолмен түскен қаржы шет елдерде жануарлар дүниесін қорғауға, дамытуға, адамдарды жұмыспен қамтып, елді мекендердің жағдайын жасауға жұмсалады.

Менде, мысалы, шетелдік туристермен аңшылық үшін 100 мың долларға түзілген келісім-шарт бар. Егер іске асса, одан біздің елімізге пайда келер еді. Ондай жолмен түскен қаржы ғылымды дамытуға, жануарларды қорғауға, браконьерлерге қарсы күреске және басқа да керекті нәрселерге бағытталар еді. Аңшылық туризмі жолға қойылса, ол жергілікті тұрғындар үшін де тиімді, жұмыс орындары ашылады, жұрт туристерге қызмет көрсету арқылы да табыс табар еді. Ал шетелдіктердің бұған қатысты қоятын өз талаптары бар. Олар ақшаның бюджетке, шенеуніктердің қалтасына түскенін қаламайды, егер ондайға жол берілер болса, елге келмейді.

Былай түсіндірейін: Мәселен, адамдар қолда төрт түлік мал өсіреді, оны асырап-бағады, қажетіне жаратады, сатып, қаржыға айналдырады. Яғни мал өсіруде адамда экономикалық мақсат бар. Ал жануарлар дүниесін қорғауға мемлекет жылына миллиондаған теңге қаржы бөледі, адам, техника ұстайды, жұртшылық болса, жануарлар дүниесін қажетіне пайдалана алмайды. Адамдарға жануарлар дүниесін дұрыс пайдалануға мүмкіндік берілсе, жұрт оның мал асыраған сияқты пайдалы жақтарын ұқса, оны браконьерлерден өздері-ақ қорғайтын болады.

Мысалы, шетелдік туристер 1 арқар атқаны үшін 100 мың доллар ақы төлеуге дайын. Олар ақбөкеннің мүйізді 1 текесі үшін 10 мың долларды ойланбай төлейді. Ал бізде ресми есеп бойынша қазір 842 мың ақбөкен бар. Шындап есептегенде олардың жалпы саны 1 миллион 500 мыңға дейін жетіп қалған болуы да мүмкін. Осыны аңшылық туризміне пайдалана білу керек қой.

Жануарлар дүниесі деген – қалпына келіп отыратын байлық, қазып алсаң, түптің-түбінде сарқылатын мұнай, газ, басқа да жерасты кендері сияқты емес, ол өздігінен өсіп-өніп отырады. Егер дұрыс пайдалана білсек, одан елге мол кіріс әкелуге болады. Мен осыған байланысты арнайы концепция дайындап, оны Экология министрлігіне көрсеткенмін. Бірақ бізде әзірге мұны түсінгісі келетіндер аз. Өйткені оларға қазіргідей тәртіп тиімді, олар сол арқылы пайда көріп отыр. Мемлекет ол салаға қыруар қаржы бөледі. Біз бұл ресурсты дұрыс пайдаланбай отырмыз. Осы жағынан келгенде көрші Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан да артта қалдық. Олар өз елдерін аңшылық туризмі арқылы да танымал етуге жол ашуда.

Жалпы, бұл мәселені мен ойлап шығарған жоқпын. Бұл әлемдік тәжірибеде бар нәрсе. Табиғатты қорғау жөніндегі халықаралық одақта істейтін бір ғалым досым бар, сол: «Егер жануарлар әлемін қорғағың келсе, олардың маңдайына доллардың суретін салып қой. Әйтпесе адамдар жануарларды ойсыз қырып жібереді», – деп айтады. Ол рас, егер жануарлар дүниесінен өзіне, өзгеге, табиғатқа, шетелдік туристерге келетін пайданы білсе, адамдар жабайы жануарлар дүниесін өздері-ақ қорғауға алар еді.

Жеке меншігінде аңшылық шаруашылығы бар

Қазір өз меншігіңізде жеке аңшылық шаруашылықтары бар ма?

– Сол, шетелдерден көрген-білгендерім бойынша мен де аңшылық шаруашылықтарын ұйымдастырғанмын, аңшылық туризмімен айналысамын. Меншігімде 12 аңшылық аумақтары жұмыс істейді, құрамында 70 шақты адамы бар егерьлер қызметін құрғанмын. Сол аумақтарда жергілікті тұрғындар мен шетелдік туристер үшін аңшылық туризмін дамытуға әрекет жасаудамын. Жұрт аң-құстардың рұқсат берілген түрлерін аулайды. Туристерді күтіп алатын 6 аңшылық базасын құрғанмын. Адамдарға жайлы болуы үшін қажетті құрылымдарды заманауи түрде қалыптастыруға тырысамын. Клиент үшін ең бастысы – тынығатын, ұйықтап, демалатын жайлы жер, шомылатын-шайынатын жылы сулы душ, таза әжетхананың болуы маңызды. Ол аңға шыққанда рахат алуы керек, соған қажетті жағдайлар жасалса болды.

Шетелдіктер аңшылыққа негізінен отбасымен бірге келеді. Кейбірі болмаса, отағасымен бірге аңға шығатын әйелдер көп болмайды. Сол әйел, балалар үшін де демалуға қолайлы жағдайлар жасап қою керек. Оларды төңіректегі табиғаты әдемі жерлермен таныстыруға болады.

Осындай орындарды ұйымдастыру арқылы жергілікті тұрғындардың тұрмысын көтеруге де жағдай жасауға болады. Мысалы, мен алғаш рет Амангелді ауданына келіп, аңшылық шаруашылығын ұйымдастырған 1998 жылдары ондағы елдің жағдайы қиын еді, жұмыс жоқ, жарық жоқ дегендей, тұрмысқа қолайсыз болды. Соған қарамастан жұмысты жолға қоя алдық. Осыны көріп жұрт та әрекет жасай бастады. Қазір Амангелді ауданында аңшылық шаруашылығымен қатар мал шаруашылығы, егін шаруашылығы дамып отыр. Осылай бір-бірімен байланысып, тұрмыс көтеріледі.

Біз аңшылық туризмін дамыту арқылы жалпы туризмнің өркендеуіне жол аша аламыз. Өйткені шетелдік туристерді қызықтыратын тарихи ескерткіштер қалаларымызда аз. Туристі негізінен табиғатымыз қызықтырады. Ал біздің табиғатымыз, жануарлар дүниесі бай. Шетелдіктер соны көріп-білу, тану арқылы біздің мәдениетімізбен, жетістіктерімізбен, қалаларымызбен танысады. Осы орайда аңшылық туризмін дамытудың пайдасы зор деп есептеймін.

Қасқыр қатты таңқалдырды

Жалпы, өзіңіз кәсіпқой аңшылыққа қалай келген едіңіз? Бала кезден қызықтыңыз ба, әлде аңшылыққа құмарлық жүре келе пайда болды ма?

– Аңшылыққа құмарту менде 1997 жылдан басталды десем болады. Сол кездері бір таныс азаматтың ісін жолға қоюға көмектескен едім, ол қатты риза болып, мені аң аулауға бірге шығуға шақырды. Оның алдында бірер мәрте достармен аңға шыққаным бар, табиғат аясында ішіп-жеп, демалып, босаған шөлмектерді атқылап қайтқанбыз. «Аңшылық деген сол болса, оның не қызығы бар, одан да қалада мейрамханада отырып-ақ демалуға болады ғой», – деген едім: «Осы жолы нағыз аңшылықты көресің, бізбен бірге жүр», – деп, ақырында мені аңға шығуға көндірді.

Сол жылы қыстың күні, желтоқсан айында Виталий мені қасқыр атуға ертіп шықты. Екі қар шанасымен шықтық. Ол кезде аңшылықтың қыр-сырынан ештеңе ұқпаймын, тек шыңылтыр аязда, таза ауада сергіп, табиғатқа қызыға қараумен болдым. Ал Виталий кәнігі аңшы ретінде қасқырдың ізіне бірден түскен екен. Содан ұзақ жүргеннен кейін ол іздегенін тапты, бірақ қасқырды маған атқызды. Мен өзіне қауіп төнгенін сезіп, тұра қашқан дала тағысына оқты бірден тигізе алмадым, шамамен отыз шақты патронды далаға жіберген шығармын. Бірақ техника қойсын ба, бөріні біз бәрібір де құтқармадық, ақырында оқтарымның бірнешеуі нысанаға тиді, қасқырды атып алдық. Менің аңға шығуға құмарлығым сол кезден басталды. Кейін құс аулауға, аң аулауға бірге шығып жүретін болдық.

– Кәнігі аңшылар қасқырдың өте ақылды аң екенін айтады. Аңдар тіршілігінен өзіңіз байқаған осындай қызықты жайлар туралы айтсаңыз.

– Аңшылық кезінде ондай жайлардың талайына куә болғаным бар. Мен өзім бұрынғы Торғай облысының тумасымын. Біздің Амангелді ауданында 99 пайыз қазақтар тұрады, өзге ұлт өкілдері аз кездеседі. Бірер орыстар бар, олардың өзі қазақша сөйлейді. Аңшылыққа үйреткен сондай бір шала орыс ұстазыммен бірде қасқыр атуға шыққанымыз есіме түсіп отыр. Иваныч қасқырдың ізіне түскен ғой. Мен де ілесіп келе жатқанмын. Қасқырдың өте ақылды, айлакер аң екенін сонда алғаш рет көріп таңқалған едім.

Араласқан ортам көбіне орыстілді болған соң маған жұртпен орысша сөйлесу ыңғайлылау. Мен қазақша шала сөйлеймін, Иваныч орысша білмейді, екеуміз екі тілді араластыра сөйлесіп, қасқырдың соңынан түсіп келе жатқанбыз. Ол кісі кәнігі аңшы болғандықтан қасқырдың айла-амалдарын жақсы біледі екен, қанша бұлтақтаса да оның ізінен жаңылмады. Сонымен түз тағысын қуып су тоғанына дейін жеттік. Сол тұсқа келгенде мен енді атып аламын деген қасқырды таппай, аузым аңқиды да қалды. Қыстың күні, қарда бөрінің ізі баттиып жатқан. Сонымен барып тоған жанына жеткенімде із үзіліп қалды. Бергі жақта із сайрап жатыр, ары қарай тіпті де із жоқ. Содан түкті де түсінбей тұрғанымда Иваныч келіп, маған біраз қашықтағы аумағы 10-15 метрдей болатын қамыс ішін ымдап көрсетті. Сөйтсем, қасқыр тоғанға жеткен кезде артқа бұрылып, келген ізімен кері қарай біраз жүріпті де, қамысқа қарай ырғи секіріп кетіпті. Ал қамысқа дейінгі бірнеше метр қашықта із қалмаған, тап-таза қар жатыр. Мен бұған таңқалдым. Сосын біз қамыс ортасына қарай абайлай жүріп, мылтық атқанда қасқыр оның ішінен шығып, далаға қарай қашты. Бұл жолы мен оны құтқармадым, атып алдым.

Ресейде аю аттым

– Аңшылық деген тек рахат алатын құмарлық қана емес, оның өзіндік қауіп-қатерлері де болады ғой. Мысалы, аю атқан кезіңіз болды ма? Ерекше таңқалдырған, күліп еске алатын, қауіп төнген, қатты қорыққан кездеріңізден айтсаңыз.

– Ондай жайлар да аз болмаған. Осыдан 20 жылдай бұрын Ресейдің Великий Устюг қаласына арнайы, аю атып көру үшін барғаным еске түсіп отыр. Ол жақта біраз достарым бар еді, оның үстіне аңшы ретінде танылып қалған кезім. Ондағыларға Қазақстан туралы қызықты әңгімелер айтып бердім. Сосын олар менің өтінішім бойынша аюға аңға шығуды ұйымдастырды. Ол жақта аю атуда екі түрлі тәсіл қолданылады екен. Біріншісі – биік мұнара үстінде, қауіпсіз жерде тұрып, алаңсыз жайылып жүрген аюды асықпай атып аласың. Екіншісі – ізіне түсіп, жаяу барып, түнде арнайы оптикалық құрылғысы бар мерген мылтығымен атып аласың. Осының қайсысын таңдайсың дегенде өзіме екіншісі қызық болатынын айттым. Өйткені өзім оңай келген олжаға қызықпаймын, аңшылықтың қиын әрі қызықты болғанын қалаймын.

Содан орыс достар аюға аңға шығуды ұйымдастырып берді. Оларда ну орманның ішіне аю келіп жайылатын етіп сұлы егіп қояды екен. Сол жерге жайылуға келген аюды аңшылар әлгі мұнара үстінде тұрып, асықпай атып алады. Ал біз аюды жаяу, ізіне түсіп барып ататын болдық. Жолға кештетіп шыққанбыз, біз межеленген жерге жеткенше түн болып кетті. Біреу дәл алдыңнан шығып, көзіңді шұқып алса да көрмейтіндей түнек орнады. Адасып қалмас үшін алдымда кетіп бара жатқан егерьдің көйлегінен ұстап алғанмын. Сөйлемейміз. Маған тек оның ырсылдай демалғаны естіліп келеді. Асыға жүріп екі шақырымдай жолды артқа тастадық.

Бір тұсқа келгенде егерь: «Осы жерден аңдимыз», – деп тоқтатты. Қаруымызда түнде көрсететін оптикалық құрылғы орнатылған, сонымен жан-жаққа зер сала қарап алды да: «Әне, 120 метрдей жерде жатыр. Жақсылап қарап, көріп ал», – деді. Сосын мен де өзімнің түнде көрсететін құрылғыммен ол нұсқаған жаққа қарадым. Сұлы егілген жердің ортасында бірдеңе қараяды, алғашында мен оны адам екен деп қалдым. Еңгезердей аю етпеттей жатып алыпты, екі қолын кезек-кезек салып, сұлының дәнін сыпырып алады да, аузына апарады. Алаңсыз сұлы жеп жатыр. Мен оны сол жақ бүйірден, қолтық астын ала, жүрек тұсынан атуым керек. Прибор 120 метр қашықты көрсетіп тұр, одан жақындап атуыма болмайды екен.

Содан алаңсыз жайылып жатқан аюды көздей бастағанмын ғой. Бір кезде жанымдағы егерь байқаусызда қураған ағашты басып кетті де, ол шытыр ете қалды. Аю да өте сезгіш екен, қараңғыда шыққан дауысты бірде естіп, орнынан атып тұрды. Түнгі құралмен анық көріп тұрмын, ол тура менің алдыма жетіп келгендей, бетіме көз алмай, тесіле қарағандай болып кетті. Зәрем қалмады. Егер ол мені анық көрген болса, қазір-ақ жаныма жетіп келмек. Олай болса, мені одан ешкім де құтқара алмайды. «Қап, әттеген-ай! Қандай азап мені осында айдап келген? Өлген жерім осы шығар…» – деп өкіне ойладым.

Жанымдағы егерьдің де зәре-иманы қалмаған. Маған дыбысыңды шығарма дегендей белгі беріп, қауіп төнсе, зыта жөнелгелі тұр. Дыбысымызды шығармай, тына қалдық. Аырой болғанда, аю жан-жағына құлақ түріп біраз аңтарыла қарап тұрды да, тыныштанып, қайтадан азық жеуге кірісті.

Біраздан соң аю қайтадан жатып азықтануға көшті. Енді ол басын біз жаққа бере жатты. Мен енді қанша сұрмерген болсам да атқан оғымды оның жүрегіне тигізе алмаймын. «Бітті, ата алмайтын болдың. Енді тигізе алмайсың. Қайтамыз. Кейінірек келерміз», – деді егерь сыбырлап. Ал менің сонша жерден келіп бос қайтқым жоқ. «Қалайда атып аламын!» – дедім оған. «Ондай болса, асықпай көзде, миына дәл тигізуің керек. Көз ортасынан ала, сәл жоғарырақ көзде. Тигізе алмай қалсаң, өзімізге қауіп төнуі мүмкін», – деді ол.

Содан асықпай көздеп, аюды басынан атып түсірдім. Ол тура бір суға сүңгігендей алға ұмсына қозғалып, жоқ болып кетті. Тірі қалған болса, шабуылдап, келіп қалса, атамын деп жалма-жан карабинді қайта оқтап алдым. Жанымдағы егерь болса түнгі көру құралымен оң-солдың бәрін шарлап жанталаса қарауда, оның қолы дірілдеп тұрғаны сезіледі. Менің де бойымды үрей алды, тура төбемнен бір мұздай нәрсе қозғалып, арқамды шымырлата оң аяғыма қарай түскендей болды. Алға басайын десем, оң аяғымды сезбеймін, ол маған бағынбайды. Бүкіл денемді діріл басты. Алып аю алдымнан шыға келіп, бас салардай. Егерьдің де дыбысы шықпай қалған.

Арада біраз уақыт өткенде барып ес жидық. Өйткені аю  жатқан тараптан қандай да бір қимыл, үн сезілмеді. Содан батылдана бастадық. Сосын сақтана басып, барсақ, менің оғым нысанаға дәл тиген екен, дәу аю жатқан жерінде сеспей қатыпты. Оны көргенде бағанағы зәрем зәр түбіне кете қорыққанымды ұмытып, мәз болып, мақтанып қалдым.

Мүйізтұмсықтан безе қаштым

Жалпы, аңшылықта таңқалдырған оқиғалар аз болмайды. Қатты қорқатын кездер жиі болып тұрады. Соның ішінде әсіресе Оңтүстік Африкада мүйізтұмсықтан зәрем қалмай қашқаным есте қалыпты.

Оңтүстік Африкада «Мүйізді иланд» деп аталатын ірі бөкен болады екен, ең ірілерінің салмағы 1 тонна 200 килодан асады. Бірде соны аулауға шықтық. Ізіне түсіп, үш күн бойы жүрдік. Бірнешеуін кезіктіргенбіз, бірақ жергілікті жолбасшыларымыз оларды әлі жас деп атқызбады. Ол жақта орман ағаштарының бойы үш-төрт метрдей ғана болады, бірақ ортасынан жүру қиын. Содан үшінші күні түстің шамасында ағаш тасасында көлеңкелеп тұрған иланд көзге шалынды. Арамыз шамамен 400 метрдей еді. Жолбасшыларымыз дүрбімен қарап, оның жасын шамалады да, атуға рұқсат етті. Бірақ тек осы жерден ғана атасың деді. Заң бойынша, егер оғымды аңға дәл тигізсем немесе оны жараласам болды, ақысын мен төлеймін, ал оғым далаға кетсе, ақы төлемеймін.

Қолымда заманауи оптикалық қару бар. Содан асықпай дайындалып, бөкенді көздей бастадым. Мұндай мылтықпен атқан кезде асықпай көздеу керек. Дұрыс тыныс ала білу маңызды. Жүрек соғысын тыңдайсың, соның арасында шүріппені қол да, қару да қозғалып кетпейтіндей етіп ақырын ғана басу керек. Сонда оқ нысанаға, көздеген жерге дәл тиеді. Мұндай мылтықтың тағы бір ерекшелігі, оқ нысанаға тигенде өзіне тән жаңғырық сияқты дыбыс естіледі. Содан мылтықты атып, осындай дыбыс естіле салысымен бөкен тұрған тұсқа бинокльмен қарасам, ол құлаған екен. Қуанып, масаттанып кеттім. Жүрек тұсын көздеген едім, дәл тигізген сияқтымын. Соған мақтанып кетіп, тұра жүгіргенмін ғой. Жанымдағылар артта қалып қойған. Бұрылып қарасам, бәрі де қаққан қазықтай болып, мен жаққа көздері бақырая қарап қалыпты. Неміс жолбасшының түрі ағара қуқылданып, бірге жүрген қара нәсілді адамдардың түрі қоңырқай тартқандай болып көрінді. Олардың бір нәрседен қатты қорыққанын бірден аңғардым. Олар жақын маңнан арыстан ба, әлде мүйізтұмсық па, бір қауіпті аңды көріп тұрған сияқты. Жалт бұрылып қарасам, алдымда, менен 30-40 метрдей жерде мүйізтұмсық тұр екен. Мүйізтұмсық болғанда, аналығы, жанында есейіп қалған төлі бар. Аналық мүйізтұмсықтар мұндай кезде аса қауіпті болады, баласын қорғау үшін ештеңеден де тайынбайды.

Жалпы, мүйізтұмсық өте ірі жануар ғой, денесінің ұзындығы 2 метрден асады, жасына қарай 5 метрге дейін жететіндері де болады, биіктігі 1 метрден, салмағы 1 тоннадан асады, 3 тоннадан асатындары да болады. Ашулы мүйізтұмсық сонша салмағымен басқанда адамды жаншып кетеді. Мүйізді тұмсығымен іліп лақтырса, денеңді жарып тастайды.

Қысқасы, төлімен жүрген мүйізтұмсық адам үшін тіпті де қауіпті. Сондықтан жақын жерден алып мүйізтұмсықты көргенде менің де зәре-құтым қалмады. Егер ол қазір тіке шабуыл жасаса, менің жалтарып, қашып құтылуым қиын. Мен түгілі, артта келе жатқандардың да құтылуы екіталай. Сол кезде Африкаға аң аулауға барған өзімді барып тұрған ақымақтай сезіндім. «Бұл жаққа келіп нем бар еді?!» – деп өкініп кеттім. Мені елімізде көп адамдар таниды ғой, егер ажалым мүйізтұмсықтан болса, жұрттың «Африкада қазақ азаматын мүйізтұмсық таптап өлтірді!» – деп жарыса жазары, суретімді салып, қазанама жариялайтыны көзіме елестеп кетті. Ойда жоқ жерден осындай қатерге ұрынам деп ешкім де ойламайды ғой, ал бетпе-бет ұшырасқанда басқа небір жаман ойлар келеді екен.

Құдай сақтағанда жел мүйізтұмсық жақтан соғып тұр еді. Ал бұл жануардың көзі алысты шалмайды, бірақ есту, сезіну мүшелері қатты дамыған. Ол жақын маңда өзіне, баласына қауіп төндіруі мүмкін нәрсе барын сезініп, тоқтап тұр, тұмсығын көтере ауадан иіс ұстауға тырысуда. Иіскелеп, тұмсығының шуылдай ауа сорғаны маған анық естілуде. Егер менің тұрған жерімді сезсе, тікелей шабуылға көшпек.

Содан мен де жеткен жерімде қимылдамай, тоқтап тұрып қалдым. Ақырындап артқы жаққа қарасам, жолбасшы, нұсқаушы, із кесуші, көмекшілер бәрі жерге жата қалып, оқ астында жер бауырлаған солдаттарша көлігімізді қалдырған жаққа қарай бауырымен жорғалап барады. Мен де жалма-жан жата қалып, солардың соңынан салдым. Артық киім-кешектеріміз, әсіресе осындай кезде керек болады деп алған шынтаққа, тізеге киетін қорғаныш заттары көлікте қалған қой. Ал әлгі жер тастақ, тікені көп екен. Етпеттей жылжығанда қол-аяғымды тас пен тікен жырып, жаныма батты. Бірақ оған қарайтын уақыт жоқ, тезірек қауіпсіз тұсқа жетіп алуым керек. Бір тұсқа келгенде алдымдағылар орындарынан атып тұрып, пикапқа қарай тырағайлай қашты. Артыма қарауға дәтім шыдамаған мен де атып тұрып, пикапқа қарай жанұшыра жүгірдім. Сол кезде салмағым 140  килодай болатын. Ал адам қатты қорыққанда ауыр салмақты да, ентіккенін де сезбейді екен. Сол зымыраған бетте жеткенімде оталып тұрған пикап орнына ытқи қозғалды, мен де кузовқа жеңіл атлеттерше секіріп мініп үлгердім. Сөйтіп бір қауіптен аман-есен құтылып кеттік. Ал ана мүйізтұмсық не болғанын сол күйі түсінбей де қалған шығар. Абырой болғанда, артымыздан қуған жоқ. Есімізді жиған соң қазағымыз, немісіміз, қара нәсілді азаматтар бәріміз бұл бір есте қалардай күн болды-ау деп әбден күлісіп алдық.

«Тас дәуірінде» өмір сүріп жатқан тайпалар да бар

– Қара нәсілді демекші, олардың қайнаған ортасында жүріп қайтқан екенсіз. Кей тайпалардың тыныс-тіршілігімен танысқан да боларсыз. Ерекше есте қалған оқиғалардан болса, айтып берсеңіз.

– Аң аулауға барғанда өзінің бағдарламасы бар, басқадай қыдырып, ел аралап жүруге уақыт бола бермейді. Дегенмен жергілікті тайпалардың ортасында болған кездер жоқ емес. Бір мәрте Зимбабве жақта тас дәуірінде өмір сүріп жатқан, тұрмыс-тіршілігін әйелдер басқаратын симби деген тайпа бар дегенді естігесін соларды көріп қайтуды ойладық. Оңтүстік Африкаға екі аптаға аң аулауға барғанбыз. 12 күн аңшылықта болдық та, 2 күн «запасымыз» қалған соң ел аралап көрейік дедік. Осыны аңшылықты ұйымдастырушыларға айтқанымызда олар бұған бірден келісті.

Содан жақын арада аэродром бар екен, сол жерден екі моторлы «Пайпер» ұшағын 1250 доллардай ақыға жалдадық. Ақысы арзан әрі мұндай саяхат ұйымдастыру үшін біздегідей әр қызметтен, Президент күзетінен дегендей, жоғары жақтардан рұқсат сұрап көп күтпейді, тиісті орындарды алдын-ала құлағдар етеді де, ұшып шыға береді екен. «Пайпер» 8 мың метр биіктікке дейін ұшады. Соған отырып, көрші елге саяхатқа аттандық.

Бізге ұшақтан алдымен Зимбабве мен Замбия шекарасындағы, Замбези өзеніндегі әйгілі Виктория сарқырамасын көрсетті. Ұшақ сарқыраманы екі мәрте айналып өтті. Керемет сұлу көріністен мол әсер алдық. Сарқыраманың енінің өзі бірнеше жүздеген метрге жетеді екен, биіктігі 120 метрден асады. Өзен суы осыншама биіктен төменге құлай ағып жатыр.

Сосын ұшақ бізді Намибияға жеткізді, сол жақтағы «тас ғасырында өмір сүріп жатыр» деп айтылған симби тайпасын көрсетті. Тайпаны әйелдер басқарады екен. Өркениеттен тыс тіршілік етіп жатқан, жартылай ғана киініп жүретін адамдарымен бірге суретке түстік. Дегенмен олармен жете таныса алмадық, өйткені уақыт тар болды. Сосын Зимбабвеге қайттық.

Жалпы, Африкада бірнеше жүздеген тайпалар өмір сүреді екен. Олардың арасында қазіргі заман көшіне ілескен, дамығандары да, жаңағы симбилер сияқты өз өмір салтын сақтап, тас ғасырындағыдай тәртіпте тіршілік етіп жүргендері де бар. Оларды танып-білу үшін арнайы турмен бару керек. Ал, жалпы, даму жайын айтар болсақ, Африкада бізден әлдеқайда озып кеткен мемлекеттер де бар. Мысалы, біз бірде Намибия астанасы Виндхуктегі мейманханада екі күн тұрдық. Сонда бұл елде өнеркәсіппен бірге туризм саласының да кереметтей дамығанын көрдім. Соған қарай отырып біздің елде де аңшылық туризмі дамыса ғой деген ойым нықтала түскен еді. Ол туралы мен үнемі жиындарда, ақпарат құралдарында да айтып жүрмін.

– Ендеше аңшылық шаруашылығын, аңшылық туризмін дамытудағы істеріңіз оңды нәтижелерімен қуанта берсін дейміз. Уақыт бөліп, қызықты әңгіме айтып бергеніңіз үшін сізге рахмет!

Д. НҰРПЕЙІС.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button