Өзбекстанда жас жұбайлар генетикалық тексеруден өтуге міндеттелді

Өзбекстанда жас жұбайлар туыстық қатынастарының жоқ екенін анықтау үшін молекулярлық-генетикалық тексеруден өтуге міндеттелетін болды. Бұл туралы тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиеев қол қойды.
Осы жаролыққа сәйкес, Өзбекстанда келесі жылдың шілде айынан бастап некеге тұратын адамдар міндетті түрде молекулярлық-генетикалық тестілеуден өтетін болады. Бұл елде туысқандардың бір-біріне үйленуіне байланысты, балалардың денсаулығына зиян келмеуі үшін қолға алынған шара.
«Тестілеу ерлі-зайыптылардың қаражаты есебінен Республикалық мамандандырылған гематология ғылыми-практикалық медициналық орталығының зертханасында жүргізіледі. Сараптамалар Республикалық халықтың репродуктивті денсаулығы орталығына және оның аймақтық бөлімшелеріне тапсырылады», – деп хабарлады Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметі.
«Замана»-ақпарат.