Шартарап

Ресей 9 мамырда Украинаға ресми түрде соғыс жариялай ма?

Америкалық CNN телеарнасы Ресей президенті Владимир Путин 9 мамырда Украинаға ресми түрде соғыс жариялауы мүмкін деп хабарлады. Телеарна Батыс шенеуніктері Путин Жеңіс күнінің символдық мағынасын Украинаға қарсы соғыстағы әскери жетістіктерін жариялау үшін немесе соғыс қимылдарын күшейтуге тырысады деп болжайды.

«9 мамырда ресми соғыс жариялау Ресей азаматтарын жігерлендіріп, қоғамдық пікірді басып алуды жақтауы мүмкін. Бұл Ресейде жалпы жұмылдыру жүргізуге және Батыс Ресей әскерлеріне шығын жағдайында қажет деп есептейтін резервтік күштерді тартуға мүмкіндік береді», – деп хабарлайды CNN.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Нед Прайстың айтуынша, 9 мамырды үгіт-насихат мақсатында «ресейліктер қолдан келгеннің бәрін жасайды» деуге толық негіз бар.

Батыс және Украина шенеуніктері Ресей басып алғаннан бері кемінде 10 000 әскерінен айырылды деп есептейді.  25 наурызда Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі 1351 сарбаздың қаза тапқанын хабарлады.

CNN сонымен қатар Мәскеу Украинаның шығыс бөлігін аннексиялау үшін 9 мамырда пайдаланады деп есептейді. Бұл туралы бұған дейін АҚШ-тың ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілі Майкл Карпентер айтқан болатын.

«Замана»-ақпарат.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button