Шартарап

Илон Маск Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алды

Америкалық бизнесмен Илон Маск «Twitter» әлеуметтік желісін 44 миллиард долларға сатып алды.

Арадағы келісім аяқталғаннан кейін «Twitter» жеке компанияға айналады. Акционерлер «Twitter»-дің әрбір қарапайым акциясы үшін 54,20 доллар алады.

«Мен «Twitter»-ді бұрынғыдан да жақсартқым келеді. «Twitter»-де үлкен мүмкіндік бар — мен оны ашу үшін компаниямен және пайдаланушылар қауымдастығымен жұмыс істеуді асыға күтемін», – дейді Илон Маск.

«Замана»-ақпарат.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button