Шартарап

Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті көз жұмды

Біріккен Араб әмірліктерінің президенті Халифа бен Зейд аль Нахайян ұзақ аурудан кейін көз жұмды. Бұл туралы әмірліктің президент істері жөніндегі министрлік хабарлады.

«Президент істері жөніндегі министрлік Біріккен Араб Әмірліктері халқына, араб және ислам ұлтына және барша әлемге шейх Халифа бен Зейд аль Нахайян қаза болуына байланысты қайғырып көңіл айтады», – делінген хабарламада.

Ол Әмірліктерді құрушы Зейд Аль Нахайянның үлкен ұлы болатын.

«Замана»-ақпарат.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button