Шартарап

Байден Украинаға 40 миллиард доллар бермекші

АҚШ Президенті Джо Байден Украинаға көмек ретінде 40 миллиард доллар бөлу туралы Заңға қол қойды, деп хабарлайды «Zamana.kz» ақпараттық порталы «Zakon.kz» сайтына сілтеме жасап.

Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлағандай, заң «Украинаға қолдау және 2022 қаржы жылына көмек ретінде федералды ведомстваларға қосымша төтеден қаражат бөлуді» қарастырады.

Алдында Байден АҚШ конгресінен Украинаға көмек көрсету үшін қосымша қаржы сұраған болатыр. Ол 33 миллиард доллар сұраған еді.

Конгресс оның бастамасын мақұлдап қана қоймай, қосымша көмек көлемін 40 миллиард долларға дейін көтерді. Бұл заң жобасын Сенат мақұлдады.

Атап айтқанда, әскери техникаға, сондай-ақ азық-түлікке көбірек қаражат бөлу ұсынылды. Сонымен, шамамен 20 миллиард доллар тікелей әскери көмекке, соның ішінде украин әскерлерін оқытуға және қамсыздандыруға, сондай-ақ америкалық қару-жарақ қорын толықтыруға жұмсалады. Сондай-ақ босқындарды қолдауға, соның ішінде оларды баспанамен қамтамасыз етуге және олардың тілдік курстардан өтуіне 900 млн доллар бөлінді.

«Замана»-ақпарат.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button