Өлең оқи отырыңыз

Құтыңды қашырды ғой баға сенің…

Тамаққа ақша таппай түгесілді ел,

Қалғандай күрсінеді күресінде ел.

Жеміс қымбат, базарың тегіс қымбат,

Аз ақшамен үмітті үзесіңдер.

 

Адамнан малың қымбат заман келді,

Мұны қашан құлаққа ілесіңдер?!

Ал шенділер бейхабар бұл жайттан,

Сөздерінше өркендеп, шын өсуде ел…

 

Бастық айтқан бағалар базарда жоқ,

Қашанғы осы өтірікті тізесіңдер?!

Әй, бірақ базар жақты қайдан білсін,

Ол емес қой дөкейлер жүретін жер.

 

Сатылымда жылқы құнын қайдан білсін,

Сүліктей «иномарка» мінетіндер!

Картоптың килограмын қайдан білсін,

Теңгеемес, доллар ұстап жүретіндер?

 

Жерімніңасты-үстітүгелбайлық,

Соларқайда, айтыңдар, білетіндер?!

Бар байлықты меншіктеп басыпалмай,

Халыққатиеселіүлесінбер!

 

Жалақысын көтермесе қиналады,

Қарапайым ғана өмір сүретіндер.

Бүйте берсе дамыған отыз емес,

Ең қымбат отыз елге кіресіңдер.

 

Ештеңе бермесең де, айналайын,

Кішкене ел жағдайын түзетіңдер.

Бағаны ұстап тұрып бір қалыпта,

Ел үшін нарықпенен күресіңдер.

 

Қаусаған қасіретті қараша елім,

Құтыңды қашырды ғой баға сенің.

Бұл күнде бәрі қымбат базар жақтың,

Адамзаттың ар-құны ғана тегін…

Саягүл БІРЛЕСБЕК, ақын.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button