ЖаңғырықМаңызды мәселе

Өз елімізде өзгелердің құлымыз

Біздің елде ақша табатындар – өзге ұлт өкілдері. Базарда – қырғыз, тәжік, түрік, араб, қытайлар мен кәрістер. Саудаларын дөңгелетіп отыр.

Қаптаған дүнген мен ұйғыр асханасы. Жұмабаев көшесінде толған ұйғырлардың кафесі.Үйлерінің ауласынан-ақ ұйғыр асханаларын ашып, нәпақасын тауып, тіпті байып алған.Шонжыдағы ыстық суға барсаң, ұйғырлар бизнесі жүріп тұр.Қаптаған демалыс орындары. Бағасы ұшып тұр.

Неге сол жерден Сарыағаш шипажайындағыдай курорт салмасқа? Табиғи шипалы, емдік қасиеті бар  суды ұйғырлардың жын ойнағына беріп қойдық.  Өзбектер әлемнің қай түкпірінде жүрмесін,  өз ана тілін ұмытпайды, ата-бабасының салт-дәстүрін сақтайды, жермен жұмыс істей алады, еш уақытта бірден байып кетсем деп ойламайды, бір тиынды қанағат қылып, қыруар қаржы жасайды. Өзбектің балалары бесіктен белі шықпай жатып, әке-шешесіне қамқор болып, көмектесіп тырмысып жатады. Дүниенің түкпір-түкпіріне барып, жұмыс істеп, еңбек етіп, тапқанын бала-шағасына жіберіп отырады.

Біз болсақ, кейде дүкеннен нан алып келуге ерінеміз. Жұмыс істесек бірден байып кеткіміз келеді. Қымбат көлік мінгіміз келеді. Кредит алып той жасап, кредитке көлік мінгенімізге мәз боламыз. Ана тілімізді білмейтін қазақ көп.Тілімізге құрмет жоқ. Шүлдірлеп орысша сөйлейміз.

Өз елімізде ана тілімізде сауда да жасай алмаймыз. Салт-дәстүрімізді ұмыттық. Бұған басқаны кінәлай берудің реті жоқ. Батысқа немесе орысқа есіміз кеткенше еліктейміз.  Қазақы тәрбие, ұлттық намыс жоқ. Еркек жалқау, билік әйелде. Соның кесірінен жастар ажырасып жатыр.

Неге өзге ұлттан үлгі алмасқа? Меніңше, жалқаумыз, әйтпесе елімізде қаншама ұлт өкілдері ақша тауып отыр. Өз елімізде өзге ұлттың құлы болып, солардың қара жұмысшысы болу ғана қолымыздан келіп отыр. Осыған не себеп?

Ләззат ТОҚМОЛДАЕВА.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button