Маңызды мәселе

Шымкентте үлкен жолайрықтар іске қосылуда

Шымкент қаласында Д.Қонаев – Т.Рысқұлов жолайрығының құрылысы аяқталды. Сөйтіп Т.Рысқұлов көшесінің екінші бөлігінде көлік қозғалысына рұқсат берілді.

Бұрын осы қиылыстан тәулігіне 60 мыңға жуық автокөлік өтетін болса, қазіргі өткізу қабілеті 140 мыңға жетті.

Аталған жолайрық қаладағы ірі жобалардың бірі саналады. Оның құрылысы аяқталуға жақын. Яғни ендігі кезекте аймақты абаттандыру, жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары бар.

«Жолайрық құрылысы аяқталып, барлық бағытты көлік қозғалысына 100 пайыз ашылып отыр. Баршамызға құтты болсын! Бұл бағыттағы ірі жобалар жалғасын табады. Кезекте Бәйдібек би – Арғынбеков жолайырығын салу бар. Енді жүк осы Рысқұлов көшесіне түседі.

Кептеліс – әр мегаполистің басты мәселесі. Мақсатымыз оны барынша жеңілдету. Қала тұрғындарын түсіністікпен қарауға шақырамын», – дейді жолайырықтағы құрылыс жұмыстарын тексеріп шыққан қала әкімі Мұрат Әйтенов.

Айта кетейік, бұл мега жоба құжаттама бойынша екі жылға жоспарланған. Қала орталығындағы ыңғайсыздықтарды ертерек жою мақсаты мен қарқынды құрылыс жұмыстары нәтижесінде осы жылы аяқталды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Замана»-ақпарат.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button