Шенеунік қылмысы үшін 18 жылдан кейін сотталды

Жиырма жылға жуық мемлекет мүлкін туыстарына тегін таратып келген жамбылдық шенеунік 9 жылға сотталды.
Коммуналдық меншік объектілерін жалға беру орталығының бұрынғы директоры жалпы құны 300 млн теңге болатын 4 ғимарат пен 1 жер учаскесін заңсыз саудалаған, деп хабарлайды «Zamana.kz» ақпараттық порталы «Aibat» жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Прокурорлар экс-шендінің қылмысын 18 жылдан кейін ғана анықтаған. Шенеунік бұл әрекеті үшін тоғыз жылға түрмеге қамалды.
“Биыл 6 мамыр Тараз қаласындағы №2 cотымен Бақтыбаевтың қылмыстық кодекстің 189 бабының 4 бөлігі бойынша кінәсі дәлелденіп, тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар прокурорлардың талап-арыздары негізінде атаулы объектілер сот шешімімен мемлекетке қайтарылды”, – дейді Жамбыл облысы прокурорының көмекшісі Сержан Әбдіқұлов.
«Замана»-ақпарат.