Күн тәртібіТосын жай

Қоян атам деп құрыққа түсті

Түркістан облысында жарықтандырғыш құрылғысын қолдану арқылы заңсыз қоян атып жүргендер ұсталды.

Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кезекті браконьерлерді ұстады. Құқық қорғаушыларға белгісіз біреулер ауылдардың бірінде жайылып жүрген аңдарды заңсыз аулап жүргені жөнінде хабарлама түскен. Оқиға орнына барған Шардара аудандық полиция бөлімі мен «Охотзоопром» қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 3 браконьерді ұстайды. Олардың екеуі жергілікті тұрғын болса, біреуі Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

Полицейлердің анықтауынша, күдіктілер өздерінің «Уаз31512-01» маркалы жеке көліктерімен аң аулауға келген. Содан қару көмегімен жабайы қояндарды заңсыз атып алған. Полицейлер айғақты зат ретінде ұсталғандардың көлігінен 10 қоянның етін, аңшы мылтығын, оқ-дәрілер мен қолдан жасалған жарықтандырғыш шам тәркіледі.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 337-бабы – «Заңсыз аңшылық» бойынша тіркелді. Қазіргі таңда іс бойынша күдіктілердің мемлекетке келтірілген материалдық шығындары есептелуде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысы полицейлері бүгінде браконьерлікті, биологиялық ресурс обьектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және табиғатты қорғау заңнамасы, заңсыз аң аулау, балық аулау, ағаш кесудің жолын кесуге бағытталған рейд барысында қарқынды жұмыстар жүргізуде. Сондай-ақ тұрғындарға табиғатты қорғау заңнамаларын бұзбау керектігі, бұзған жағдайда қылмыстық, әкімшілік жауапкершіліктерге тартылатындығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», – дейді Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Замана»-ақпарат.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button