Керек кеңестер

Стресстен қалай арылуға болады?

Қазіргі күндер – адамның түрлі стресске көп шалдығатын кезі. Ал стрестен лажы болса, қорғанып, тезірек арылуға асығу керек, әйтпесе ол адамның көңіл-күйіне ғана емес, денсаулығына да кері әсер етеді. Мынадай тәсілдерді қолданып көріңіз:

* 10-15 минут бойы шашты тарау керек. Ол қанды қуып, бұлшық еттерді босатады. Сол арқылы стресс кезіндегі бас ауруынан айықтырады.

* Мүмкін болса, музыка қойып, билеңіз.

* Үй ішін, бөлмеңізді, кабинетіңізді жиыстырумен айналысыңыз. Ол сізді алдандырып қана қоймайды. Өзіңізге келтіреді.

* Қолдарыңызды оңды-солды сілтеп, жаттығулар жасаңыз. Өйткені жұмыс кезінде бұлшық еттер құрысады. Созылмалылығын жоғалтады, содан мойны, иығы, белі ауырады. Мұндайда қолды сермеу, массаж, суда жүзу көмектеседі.

* Массажды мұрын асты, қас арасы, төменгі ерін, алақан аумағындағы нүктелерге жасап та, стресстен арылуға болады. Алақандарды бір-бірімен әбден ысығанша ысқыласа да көмектеседі.

* Стресстің зиянды қуатын он бес минут жылы душқа шайынып та жоюға болады. Су бас пен иыққа массаж сияқты әсер етеді. Яғни ол зиянды қуатты шайып кетеді.

* Тепкішекпен бір минуттай жоғары-төмен жүгіріңіз. Ол миға оттегінің дұрыс жетуіне әсер етеді.

* Екі-үш минут қағаз бояп көріңіз. Психологтар оның да көмектесетінін айтады.

* Шайға гибискус қосып ішсе де жәрдемдеседі.

* Шоколад жеу де стрессті жояды.

* Бөлмедегі бір нәрселердің орындарын ауыстырып көру керек. Ол адамды алдандырады. Стресстен арылуға көмектеседі.

* Адам өзіне жағатын, жағымды сәттерін еске түсіретін иістерді иіскесе болады. Ол да стрестен арылтып, көңіл-күйдің көтерілуіне көмектеседі.

* Стресс кезінде адам бір ауық жеке қалғаны да жақсы. Өзіне жайлы музыка қойып, жайлы жерде отырып, жағымды тағам жесе, өзіне не керегін жақсылап ойланып, ол жөнінде қағазға жазса да стрестен арыла алады. Оның алдында тың іс-жоспары туындап, алға ұмтылдыруы, көңілсіз жайларды ұмыттыруы мүмкін.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button