Керек кеңестер

Оқушының ас мәзірі қандай болуы керек?

Ата-аналар мектепте оқитын балаларының ас мәзіріне де мән бергені дұрыс. Уақыт тауып, асханада не берілетінін біліп тұрыңыз. Диетологтардың пайымынша оқушының ас мәзірі мынадай болуы керек:

* Таңертеңгілік ас. Жарма ботқасы немесе пісірілген жұмыртқа, омлет. Баланы бұған үйреткен дұрыс. Өйткені таңғы кезде ағза азықтық заттарды жақсы сіңіреді, қуат береді.

Сосын балаға йогурт, жаңғақ, кептірілген жеміс, май, ірімшік нанның бірін, алма немесе банан, кішкентай ыдыстағы шырын беріп жіберіңіз. Үзілісте жейді. Ол аса пайдалы.

* Түскі тамаққа сорпа міндетті түрде берілгені дұрыс. Ол ас қорытуға, зат алмасуына пайдалы. Екіншіге балық, құс еті, күріш, көкөністер жеген дұрыс. Ал кешкі асқа дәнді дақылдардан, көкөністерден жасалған тамақ дұрыс. Ет тағамдары, бұршақ тұқымдастар, құс еті, балық еті пайдалы. Қарақұмық ботқасына қаймақ, май қосып жеген жақсы.

* Жалпы, мектеп оқушысы күніне төрт мезгіл тамақтанғаны дұрыс, мұның үшеуі ыстық тамақ болса, тіпті жақсы. Ас мәзірінде балғын жеміс, көкөністер болғаны дұрыс. Аптасына екі күн қышқыл сүт өнімдерін қабылдаған пайдалы. Фастфуд, чипсы, сухари сияқты зиянды тамақтарды баланың жемегені жөн. Осы жағын қадағалаңыз. Нәрсу (компот), табиғи, таза шырындар пайдалы. Газды сусын, ыстық, ащы шай болмайды. Көк шайдың пайдасы мол.

* 7-11 жастағы балаға күн сайын 2 300 килокалория керек. 11-14 жастағылар 2 500 килокалория қажет етеді. Ал 14-тен 18 жасқа дейінгілерге 3 000 килокалория керек. Спортқа қатысқан жағдайда килокалория мөлшері 300-ге дейін асырылады.

…Балаға дұрыс тамақтануды үйретіңіз, әйтпесе салмағы жасына сәйкес болмауы, ас қорыту, зат алмасу процестерінің бұзылып, сырқаттануы мүмкін.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button