Керек кеңестер

Кір сабынның 8 пайдасы

Кір сабынның құны арзан болған соң, оның көп нәрсеге керек екенін ескере бермейміз. Ал біле білсеңіз, оның пайдалы тұсы, керек кезі көп.

  1. Егер қолыңызды кесіп алсаңыз немесе онда жара бар болса, кір сабыннан аздап жақсаңыз, инфекция түсуіне жол бермейді. Әрі жараңыз тез жазылады.
  2. Көгерген немесе іскен жеріңізге жақсаңыз, көгеруі мен домбығуы тез кетеді.
  3. Кір сабын – вирустарға қарсы қолдануға болатын тамаша нәрсе. Тұмауратып қалсаңыз, мұрныңыз бітіп, тыныс ала алмай жүрсеңіз, кір сабынның ертіндісіне мақтаны батырып, мұрынның желбезектерін сүртіңіз. Осы әдіспен тұмаудың алдын алуға болады екен. Яғни ол «оксолин» майының орнын алмастыра алады.
  4. Егер денеңіздің бір жеріне жара түсіп, іріңдесе пияз бен кір сабынды теңдей етіп үккіштен өткізіп, оған қант қосып, түнде компресс жасап, таңып жатсаңыз, таңертеңге дейін іріңі тартылады. Бұл ретте кір сабын «виншевский» майын алмастыратыны даусыз.
  5. Башпайлар арасын зең басса, аяқты кір сабынмен жақсылап жуып, кептіріп, йод жағу керек. Таңертең және кешке жатар алдында апта бойы аяқты кір сабынмен жуыңыз.
  6. Тарақ, тіс щеткасы сияқты әр адамның жеке өзі ғана қолдануы тиіс заттарды кір сабынмен дизенфекциялауға болады. Кешке оларға кір сабын жағып, таңертең жуып тастайды. Бұл әдісті ең болмаса 3 айда 1 рет жасап тұрған дұрыс.
  7. 1 айда 2 рет басты кір сабынмен жуып тұрған пайдалы. Мұнан кейін басты лимон шырынымен немесе сірке суымен шайып тастаңыз. Сонда шашыңыз қалың әрі мықты болып өседі. Әрі қайызғақтан құтыласыз.
  8. Аяғыңыз жарылып кетсе, 2 литр суға 1 шай қасық сода, 1 ас қасық үгітілген кір сабынды қосып, қатарынан бірнеше күн аяғыңызға ванна жасаңыз.

М. ЖҰМАНАЗАРОВА.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button