Керек кеңестер

Көз тиюден қорғайтын тәсілдер

«Көз тию» деген бір қызық құбылыс бар. Оны адамдар ежелден білген, ғылым да оның бар екенін жоққа шығармайды. Яғни көз тию деген – адамдардың таңқалудан, көреалмаушылықтан, жек көруден, күндеуден туындайтын жайсыз қуаты, ол бағытталған адамға қолайсыз әсер етеді. Ал одан қорғану жолдары қандай? Кейбір психологтар былай деп жауап береді:

* Тым көзге түспеңіз, аса белсенді болмаңыз, біреуге жағынуға, керемет көрінуге құмартпаңыз. Әсіресе, өзіңізді өзгелерден артық жолы болғыш, пысық етіп көрсетуге тым құмар болсаңыз, ол өзгелердің жеккөрінішін тудыруы мүмкін.

* Әріптестеріңізбен жақсы қарым-қатынаста болыңыз, олармен түсінісе, сыйласа біліңіз. Оларды құрметтеңіз. Өйткені сіздің жолыңыз болуына олардың да үлесі бар. Кеңпейіл, жомарт болыңыз. Бұл көз тию қалпын азайтады.

* Егер де ұжымда қандай да бір мінезі нашар, өзгені жетістігі үшін жауындай көретін, оған жамандық жасаса жаны кіретін адамдар болса, мынадай тәсіл қолданыңыз. Сіз олармен жұмыс барысында бәрібір де араласпай тұра алмайсыз, араласыңыз. Бірақ араға көзге көрінбейтін «кірпіш қабырға» орнатып қойыңыз. Ойша олардың жаман қуатынан осы қабырға арқылы қорғанып отырыңыз.

* Зиянды қуаттан арылу үшін жұмысқа келгенде сұқ саусағыңызбен маңдайдағы «үшінші көз» аумағына массаж жасаңыз. Кешке үйде ішіне күміс салынған сумен шайыныңыз. Ол жұмыста алынған зиянды қуатты залалсыздандырады.

* «Көз» өзіңізге жабыспауы, кері тебуі үшін ойша айна жасап қолданыңыз. Оның «бетін» өзіңізге қауіпті жаққа қаратып қойыңыз. Өзіңізді көре алмайтын адамды елестетіп, оған айнаны «қаратыңыз», оның айнада толық жанғаны жақсы.

* Табиғат күштерін пайдаланыңыз. Кейбір өсімдіктер де зиянды қуатты өзіне сіңіріп алатын, енді бірінде адамға оңды қуат беретін ерекшелік бар. Мысалы, жүгері, сұлы, қара бидай, арпа дәндері зиянды қуатты сорып алады. Оларды кішкене ыдысқа салып, саусақпен санағандай етіп араластырып отырса, жаман қуатты сорып алады. (Күніне екі-үш мәрте үш-төрт минуттан жасау керек). Ал бидай, қарақұмық, күріш, тары дәндері жағымды энергиямен қуаттандырады.

* Көктерек, терек, мойыл, мамыргүл (сирень), жөке сияқты ағаштар жаман энергияны сорып алады. Оларды құшақтауға, бұтағын бөлмеге әкеліп қоюға болады. Бірақ ұзақ уақытқа емес. Мысалы, көктерек зиянды энергияны сорып алған соң адамның өзінің де энергиясын сіңіруге кірісуі мүмкін.

* Қабіршөптің (барвинок) құрғаған бұтақшасын жақын жерге қойса немесе қалташаға салып, мойынға іліп, қалтада ұстап жүрсе, ол адамды көз тиюден ғана емес, зиянкестіктен де қорғайды.

* Тұмарлар, күміс түйреуіш, көз суреті бар тұмар тағынса да тіл-көзден қорғайды.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button