Керек кеңестер
Есте сақтайтын 30 қағида

- Өзіңді қуантатын ұсақ-түйектен ақша аяма.
- Біреу ұнаса – жасырмай өзіне айт.
- Дәл бүгін лайықты өмір сүр, өйткені өткенің оралмайды, ал ертеңге жете алмай қалуың мүмкін.
- Түсініксіз болса – сұра.
- Кездескің келсе – шақыр.
- Бірдеме қажет болса – өтін.
- Ешқашан дауласпа.
- Жұрт сені түсінсің десең – түсіндір.
- Егер кінәлі болсаң –дереу кешірім сұра, ақталудың жолын іздеме.
- Әрдайым есіңде тұт, әркімнің өз шындығы бар, олардың шындығы сенікімен үйлесе бермейді.
- Ақымақтармен араласпа.
- Өмірдегі ең бастысы – махаббат, қалғаны – қу тіршілік. Отбасыңмен тату бол.
- Адамның проблемасы тек оның басының ішінде.
- Қоршаған ортада жауыздық та, ізгілік те жоқ, ол үшін сен өмірде барсың ба, жоқсың ба бәрібір.
- Әр оқиғадан өзіңе ләззат таба біл.
- Әрқашан есіңде болсын, енді сенің басқа өмірің болмайды.
- Үнемі қамығып, мұңая берме.
- Теледидарды көп қарама, өмірге теледидар кейіпкерлерінің көзімен қарап кетесің.
- Мүмкіндігінше ешкімнен қарыз алма, қарыз алсаң – дереу қайтар.
- Есіңде болсын, ешкім саған қарыз емес.
- Саясатпен айналыспа, саясат адамдарды ашындырады.
- Өмірде Абай айтқандай тек өзіңе ғана сен.
- Біреулердің уәдесіне сенбе, өзіңнің ішкі көңіл көзіңе сен.
- Әйелдерге балаларға қарағандай, төзіммен әрі жеңілдікпен қара.
- Әйелдерді құрметте әрі ая, өйткені олардың өмірі тым күрделі.
- Егер көңіл күйің пәс болса, өлген кезіңде ол да болмайтынын ойлан.
- Дәл бүгінгі күнді өміріңдегі ең тамаша күн сана.
- Есіңде болсын, әділдікке ұмтылғаннан гөрі ізгілікке ұмтылған жақсы.
- Қандай күйде болса да ата-анаңды ұмытпа. Жақсы сөйле. Оларға қызмет ет.
- Алладан басқа мәңгілік досың жоқ екендігін есіңде ұста!
(Төлеген Ахметовтың парақшасынан).