Керек кеңестер

Бала миына салмақ түсірмеңіз

Бүгінде жан-жақты дамытамыз деп баланың миына артық салмақ салып жүргендер бар. Ерте жастан тіл үйренсін, спортқа қатыссын деп баланың бір күндік жүктемесін жасына сай емес тапсырмалармен тым артық жүктеп жіберетіндер көп қазір. Бұл дұрыс емес, оның бала денсаулығына қаупі мол.

Мысалы, қазір балаларды үш жасынан жазуға, оқуға, есеп шығаруға үйрететіндер бар. Негізі ми 17 жасқа дейін қалыптасып бітеді, 2-3 жаста оның оқуға, есте сақтауға жауапты бөлігі әлі де дамымаған болады. Бұл жаста оқуға, жазуға, есептеуге мәжбүрлеу бала миының мүлде басқа бөліктерін пайдалануына соқтырады. Мұның соңы нашар жазатын, сабаққа үлгерімі, зейіні төмен болуға соқтырады. Олардың ортаға жұғысуында да проблемалар туындайды. Дұрысы – бала өз шама-шарқына қарай үйлесімді дамығаны жөн.

Осы орайда мидың мынадай ерекшеліктері жөнінде де біле жүрген дұрыс:

– Адам миы 17 жасқа дейін толық қалыптасып бітеді. Онда «Қателер детекторы» деген нәрсе де қалыптасады. Ол адамның қателерін есте сақтап, қайталамауы үшін қызмет етеді. Жас ұлғайған сайын ондағы ақпараттар да көбейе береді. Адамның жасы 25-тен асқасын оның ақыл-ой еркіндігі, бейімділігі бірте-бірте қуатынан төмендей бастайды. Қартая келе бала сияқтанып кететіні, алжитыны содан.

– Адам бір күрделі ғылыми нәрсе төңірегінде қатты ойланып, толғанып, ізденіп жүрген жағдайда онда «Мидың нұрлануы» деген құбылыс пайда болады. Көп ғалымдардың ғажайып жаңалықтары осындай ми нұрлануы кезінде туылған. Яғни бұл кезде ақыл-ой, сана-сезім, түйсік – бәрі жұмыс істейді. Ми өзіне олардан түскен ақпараттың барлығын жинап, таразылайды. Сосын нақты, дұрыс шешімді бірден береді. Ми нұрлануы көбіне адам тыныш кезде, босаңсыған кезде туындайды.

– Миды жаттау, есте сақтау арқылы шынықтыруға болады. Бірақ оны шамадан көп деңгейде жасаған дұрыс емес, миға табиғат аясында тыныққан, серуендеген өте пайдалы әсерін тигізеді.

– Ми адамды ортаға жұғысу, сіңу кезінде кейде бұрмалау, өтірік айтуға да бейімдейді. Яғни бұл қалыпты нейрофизиологиялық және психологиялық құбылыс, өмір сүру үшін қажет дейді мамандар.

– Жас балаларға қажетті амин қышқылдары тек жануартекті азықтарда ғана бар. Яғни ет ақуызы, тағы басқа заттар бала миының қалыпты дамуы үшін қажет.

– Адам бір мәселені шешпей, шеше алмай, жауапсыз қалдырса ол оның миынан бәрібір де өшпейді. Сондықтан ол түс көреді, түсінде үнемі бірдеңенің шешімін таппай, оған қолы жетпей мазасы кетеді, өйткені шешілмеген мәселені оның түйсік деңгейі сақтап қалған.

– Ми адамға аян түстер де көрсетеді. Бүгінде ғалымдар мұның қалай іске асатынын зерттеп, таба алмай жүр.

Міне, мидың осындай кереметтері бар. Сондықтан оны бала жастан дұрыс сақтау керек.

Е. ЕРКЕЖАН.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button