Желідегі жазбалар

Жеңгем парақор қоғамды жамандамайды

Барлық салада парақорлық пен әділетсіздік. Сол себепті «пирәшкі» мен балық пісіріп, оны оптом базарға өткізеді бір жеңгем. Сосын жастық тыс тігеді де, оны да оптом өткізеді. 4 баласы бар. АСП, тағы сондай бір әлеуметтік көмектерге иек артпайды. Өкімет берсе алады, бермесе, сол қолда бар титтей кәсібімен айналысып отыр.

Отағасы машина жөндейді. Балалары жабылып капуста, сәбіз турайды. Жеңгей корей салатын жасайды. Оны да базарға өткізеді.

Өткенде «Харлем» пеш сатып алыпты. Енді нан, самса жауып, көршілерге сатып жүр екен. Ешкімге қол жаймайды. Ешкімді жамандамайды. Бала туғанын міндетсінбейді. Әкімдік алдында митинг жасамайды. Өкіметті кінәламайды. Себебі баланы жасаған күйеуі екеуі, ал туған өзі. Оған елбасы ту, тума деген жоқ.

Жалдамалы пәтерде тұрады. Депозитке ақша салыпты. Жақында баспаналы боламыз деп қуанып жүр. Ешқашан аузынан өкіметті, парақор қоғамды жамандағанын естімейсің. Күле қарсы алып, корей салаты мен ыстық нанын ұсынып, вареньемен шай береді. Үйінде жылылық, бақыт, гармония. Негативке жол жоқ!

3 бөлмелі кең  пәтер бұйырсын адал жандарға.

Гүлжазира ЕСБОЛ.

(«Фейсбуктағы» парақшасынан).

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button