Желідегі жазбалар

«Зекет» қорының басынан дау кетпеді

Ұят та болса айтайық, ҚМДБ жанынан құрылған республикалық қайырымдылық «Зекет» қорының Астана қаласы өкілдігінің басшысы Әнуарбек Жексенғалиевке іздеу жарияланды. Ол өзінің серігімен бірге 1 миллиард 100 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырып, тайып тұрған.

Дәл ораза айында Діни басқарманың бірден бір ресми қор басшысына қатысты жағымсыз жаңалық, әрине, жаға ұстатты. Біз «анау жеді, мынау жеді» деп шенеуніктерді түгендеп жүргенде, қайырымдылық атын жамылғандар өз білгенін жасауда.

«Зекеттің» аты бірінші рет былғанып тұрған жоқ. Осы қордың басшысы Талғат Омаровқа қатысты былтыр да шу шыққан. Ол үйде отырған әйелін құжат жүзінде жұмыс істейді деп, 380 мың теңге жалақы бөліп отырған. Ол аздай, қорда жоқ қарындасына 252 мың теңге айлық тағайындап, аман-сау қызын мүгедек деп көрсетіп, мұқтаждар тізіміне енгізген болатын.

Жалпы, мешкей деген жақсы ат емес!

Енді қашып жүрген генерал, әкім, банкирлердің қатарына молда қосылды. Жүре берсең, көре береді екенсің.

Гүлмира ӘБІҚАЙ.

(«Фейсбуктегі» жазбасы).

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button