Желідегі жазбалар

Заңның қашан қадірі болады?

Шымкент қаласы, Абай ауданына қарасты, Нұршуақ мөлтекауданы, Қарақұм көшесіне ұрылар жаңа салынып жатқан үйлерге ұрлыққа түсуде.

Бұл хабарды түсте естіп отырмын. Мұнда менің әпкем мен жездем үй көтеріп бастаған. Айтуынша, ұрылар олардың «котел», құрылысқа қажет барлық дүниелерін қолды етіпті. Жақын маңдағы көршілерінің де үйлерін қоса тонап кеткен. Есіте сала 102-ге хабарласып, полиция қызметкерлерін шақырыпты. Бірақ олар арызды бір күн өткен соң алады екен.

Не үшін? Не үшін бір күннен кейін?

Бір күннен кейін не өзгереді?

Біреудің тірнектеп жинаған дүниесін қолды етіп отыр. Бұл не деген масқара?! Қашан тыйылады? Қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз? Заңның қашан қадірі болады, қашан тәртіп орнайды?

Жібек АРХАБАЕВА.

(«Фейсбуктегі» жазбасы).

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button