Желідегі жазбалар

Сіздер зейнетке шығам дегенше біз қартаятын болдық

Жамбыл облысының шалдарына (қарияларына емес) үндеуім

Құрметті Жамбыл облысының шалдары!

Сіздерге Қоғамдық кеңестің керегі не? Сіздерге арнап Ардагерлер кеңесі құрылған, міне, сол алқалы кеңесте қоғамға еңбегі сіңген ардақты ақсақалдарымыз, алдағы жас буынға ақылдарын айтып отыр. Одан бөлек, әр саланың ардагерлері өздері қызмет еткен салада өздерінің кеңестерін құрып, өз кеңестерін өскелең ұрпаққа жеткізуде. Мен ондай белсенді қарияларды құрметтеймін, үлгі тұтам.

Ал енді қартайған шақтарыңда қоғамдық кеңесте не істемекшісіңдер? Сендер жұмыс жасайтын жастарға кедергі жасағаннан басқа, ол жерде түк бітірмейтіндеріңді өздерің де біліп отырған шығарсыңдар.

Одан қалса бала-шаға, ағайын-туысқа сыбайлас жемқорлық емес, сыбайлас қамқорлық жасауды ойлап отырғандарыңыз айдан анық. Болды ғой, 30 жыл қоғамды алдап келгендеріңіз де жететін шығар.

Сондай белсенді болсаңыздар, қоғамға тигізер пайдаларыңыз болса, тәуелсіз Ақсақалдар кеңесін құрып алсаңыздаршы. Сонда көрейік қалай жұмыс жасайтындарыңызды.

Тіпті Б.М. Сапарбаевты президент қылып сайлап алсаңыздар да қой десем қояншық болайын! Қайта қоғам қуанатын шығар.

Ақыры осыған ақылдарыңыз жетпесе мен айтайын, Қоғамдық кеңеске мүше болып жексұрын болғанша, үйлеріңізде немерелеріңізді бағып, абыройлы болсаңыздаршы.

Әдемі қартайғанның өзі өнер негізі!

Әйтпесе сіздер зейнетке шығам дегенше біз де зейнетке шығатын болдық қой.
Осылай жалғаса берсе зейнетке бірге шығып, тойымызды бірге жасайтын шығармыз.

Бауыржан МОЛДАШЕВ.

(«Фейсбуктегі» жазбасы).

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button