Желідегі жазбалар

Сиам егіздерінің адам сенбес тағдыры

19 ғасырда Таиландтың атауы Сиам еді. Сол Сиам елінде 1811 жылы науқас егіз бала дүниеге келеді. Ағайынды Чанг пен Энгтың кеудесі мен іші жабысып туады. Аяқтары мен қолдары бөлек. Осындай егіз балаларды туған анасы АҚШ кемесіндегі теңізшілерге сатып жібереді. Теңізшілер кішкентай нәрестелерді Нью-Йорктың шоу-бизнес «қасқырларына» қымбат бағамен сатады.

Нью-Йоркта Чанг пен Энг дүниежүзілік терминологияға «Сиам егіздері» деген сөзді енгізеді. Жастайынан ақша жинап, Чанг пен Энг өздеріне бостандық сатып алып, 21 жасында бөлек шығады. Олар енді өздерінің дене ерекшеліктерін бүкіл АҚШ-қа паш етіп, жылжымалы көрмелер ұйымдастыруды қолға алады. Сөйтіп Чанг пен Энг әжептәуір байып кетеді.

Байып кеткені соншалықты, Чанг пен Энг үлкен ферма мен бірнеше құл сатып алады. Уақыт өте Чанг пен Энг АҚШ-тың оңтүстігінде беделді құлиеленушілерге айналады. Байыған ағайындылар Аделаида Эйтс және Сара Эйтс атты апалы-сіңілі ақ нәсілді қыздарға үйленеді.

Бұл жерде ағайындылардың келісімі туралы айта кеткен жөн болар. Чанг пен Энг екі әйеліне екі бөлек үй салып, әр әйелдің үйінде 3 күннен қонатын әдеттері болған. Чанг өзінің әйелімен жақындасқанда Энг кітап оқып, басқа зат ойлап жату керек болатын. Керісінше Энг өз әйелімен жақындасқанда, Чанг ары қарап жатып, кітап оқитын. Сол келісім бойынша екі әйелден 21 бала дүниеге келеді.

Чанг шарапты көп ішетін, Энг сәл оқымыстылау, іскер болатын дейді тарихшылар. 1874 жылы Чанг ішімдікті көп ішіп, ауырып қалады. Ол төсек тартып қалған соң Энг те қасында жатуға мәжбүр болады. Таңертең көзін ашқан Энг Чангтың өліп қалғанын көреді. Бірнеше сағаттан соң Энг те көз жұмады. Себебі екеуінің бауырлары бір-бірімен байланысты болған екен.

Ағайынды Чанг пен Энг пайғамбар жасына келіп қайтыс болады. Олардың ортақ бауыры Филадельфия мұражайында әлі күнге дейін сақтаулы тұр.

Самат НҰРТАЗА.

(«Фейсбуктегі» жазбасы).

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button