Желідегі жазбалар

Құран оқи алмайтын ағалар бар

Ауызашарға шақырса барғым келмейтін болды. Барсаң – көретінің өңшең саясаткер, патриот, тілдері сумаңдаған өсекшілер мен өтірік мақау боп, іріткі салушылар.

Жастары 45 пен 55 тердегі аға-көкелердің (бәрі емес) асқа бата қайыру мен құран оқи алмауы ұят екен.

Кеше кластасымның үйінде ауызашарда болғанбыз. Алматыда жүрген үлкен-кіші ауылдастарды жинапты. Табақтағы асты әкетуге кеп, иіліп сәлем салған келінді көргесін:

– Әумин! – деп, ағаларға қарасам;

– Касёк, өзің нете берші, – дейді ғой, шіркіндер!

Күнделікті күйбең тіршілік деп, шапқылай бермей, бір сәт жасыңа қарай қарттыққа да дайындалу керек екенін айтсам:

– Кеше ғана бүлдірмеген нәрсең жоқ бала едің. Саған ақыл айту қайдан келген? Сен бірінші үйленіп алшы, – деп мысқылдауды қатырады.

Сүрініп жатып, біреуге күліпті боп қайттық. Сіздерде бұл жағы қалай?

Қасымхан ШЫҢБАЕВ.

(«Фейсбуктегі» жазбасы).

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button