Желідегі жазбалар

Қазақ тілі – мазақ тілі бола бере ме?

Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тілі мен ресми тіл – орыс тілінің бәсекелестігі мен күресінде, дәл қазір орыс тілінің «айы оңынан туып», маңдайы жарқырап тұр.

Себебі, орыс тілін қолдаушылар мен қолданушылар қатарында мыналар тұр:

Елбасы, президент, парламент, үкімет, билік басындағы саяси партиялар, билік төңірегіне топтасқан олигархтар, қарулы күштер, ішкі істер, прокуратура, сот жүйесі басшылары, облыс әкімдері, орыс тілді басқа ұлт өкілдері мен орыс тілді қазақтар. Бұлардың артында қорған болып, Путин бастаған Ресей билігі тұр. Бұлар нағыз пілге айналған!

Ал мемлекеттік тілді қолдаушылардың қатарында мыналар:

Қазақ тілді қара қазақтар, әдебиетшілер, қазақ тілді мектептер мен ЖО және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ұстаздары, қазақ тілді баспасөз құралдары мен телеарналар мен радио қызметкерлері, қазақ тілді зиялы қауым мен мемлекеттік тілді қолдаған біраз басқа ұлт өкілдері.

Бұлардың қолында не билік жоқ, «биттерін сығып, қанын жалаған», тиынын санаған, не қаражаты жоқ дәрменсіз байқұстар.

Бұлардың қазақ тілін қолдап, қорғап жасаған әрекеттері, Крыловтың «Пілге үрген қанденін» елестеді.

Осы жағдайды ойласаң, Қазақстанда қазіргі билік қазақ тілін қолдаушылар қатарына қосылмай немесе бұл билікті түгел ауыстырмай – қазақ елінде қазақ тілі «мазақ тіл» болып қала береді.

«Әкесі өлгенді де – естіртеді» деген осы!

Аймұханбет БЕЙСЕМБЕКОВ.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button