Желідегі жазбалар

Мерекені де жекешелендіріп алыпты ғой

Бізде өзі арқа-жарқа болып қуана атап өтетін мереке аз екен ғой.

Осы елдің азаматы болған соң, отаныңның суығына тоңғың, мейрамында шат-шадыман болғың-ақ келеді.

Мүлде қуанбаймын дей алмаймын, қуанам ғой. Бірақ көңілге кірбең түсіретін көлеңкесі де бар кей мерекелердің.

Қазаққа «өшкені жанғандай, өлгені тірілгендей» сезім сыйлауға тиіс басты мереке – тәуелсіздік күні Қазақстанға Колбин келген күнмен бір күнде.

Отан қорғаушылар күні десек, арғы жағынан Назарбаевтың қызының сұлбасы сығалап тұрады.

Қазақтың астанасы күні қуана қояйық десең, «орысша сауалға қазақша жауап берген адам жұмыстан қуылсын»- деп, мемлекеттік тілді жығып бере салған Нұрсұлтанның туған күні қабаттасады мерекемен.

Тұңғыш президент күні дегенде, отыз жыл бойы халыққа тиісті қазынаны оңды-солды шашқан, өз әулетінің аузынан ақмай ағызған , мемлекетті қарызға батырған Назарбаев тағы көлбең ете қалады.

Ойпырмай, бұл антұрғыр тек байлығымызды ғана емес, мерекелерімізді де өзіне жекешелендіріп алып жатқанда да көзіміз бақырайып отыра берген , неткен төзімді халық едік…

Нұржамал РЕМЕТОВА. 

(«Фейсбуктегі» жазбасы).

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button