Желідегі жазбалар

Халық билікке сенуден қалды

Президенттің соңғы бір жылда жасаған істеріне қарасақ, жүйеде бір «жылымық» пайда болғандай көрінеді. Әрине, сырттай көз тіккенде.

Мәселен, Сайлау заңына бірқатар өзгерістер енгізу, саяси партияларды тіркеу, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің орнына Ұлттық құрылтай құру, үкіметті жаңарту, Ата заңға өзгерістер енгізу үшін референдум жасау т.б.

Иә, бір қарағанда елде саяси реформа басталып кеткендей әсерде қаласың. Бірақ зерттеп, зерделей қарасаң «баяғы жартас – сол жартас» екеніне көз жеткізесің. Үкімет өзгерді, бірақ баяғы кадрлар орнын сақтап қалды. Олар экономиканың ешқандай саласында реформа жасамады. Керісінше, тұтыну тауарлары аспандап кетті. Халық қиналды.

Ұлтық құрылтай құрғаннан елге тиер пайдасы бар ма? «Күлтөбенің басында күнде жиын» қылғаннан гөрі, экономикада, саясатта нақты істер қажет емес пе? Құр сөзден қуырдақ қуырғанға тойдық емес пе?

Ата заңдағы 33-бапқа өзгеріс енгізбек екенбіз. Сол референдумға 16,4 миллиард тенге бөлінген. Дұрысы, Ата заңды жаңадан жаза салған тиімді болар ма еді…

«Саяси партиялардың тіркелуіне жеңілдік жасадық» деді. Бірақ әлі бір де бір партия тіркелген жоқ. Қысқасы, халық ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсінуден қалды.

Жап-жақсы әңгімелер айтылуда, бірақ ешқайсысы жүзеге асып жатқан жоқ. Негізі халық қолдасын десе, билік сөзден гөрі, іске көшкені жөн-ау. Әйтпесе тағы бір әлеуметтік жарылыс болуы әбден мүмкін.

Азаматхан ӘМІРТАЙ.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button