Желідегі жазбалар

Халық қашанғы алдана береді?

Халықтың билікке қойып отырған талабы өте орынды. Жанар-жағармай мен газдың қымбаттауы азық-түліктің қымбаттауымен қол ұстасып бірге жүреді. Бүкіл байлықты ат төбеліндей ғана топ қызығын көріп, астына басып алғаны, жемқорлық, әділетсіздік, әкімдердің құрғақ уәдесі бәрі-бәрі жиналып келіп, шиқанға айналды. Халықты бір алдарсың, екі алдарсың. Халық қашанғы алдана береді?

Шығыс Қазақстан облысының шекаралық Тарбағатай, Күршім, Марқакөл ауылдарында да Өскеменде 180 теңгеден сатылатын «АИ 92» бензиннің бағасы 220-230 теңге тұрады. Тасымал көмірдің де, азық-түліктің де бағасы шырқап кетті. «1-2 тонна көмір алуға көмек жасаңызшы» деген хаттар толассыз келе бастады.

Нағыз сұмдық басталып келеді. Халықтың 25 мың теңгеге 1 тонна көмір сатып алатын ақшасы жоқ, бір-бірінен қайыр сұрап жүр. Қашанға дейін осылай жалғасады?

Ермек Құрманғалитегі.

(«Фейсбуктегі» жазбасынан).

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button