Желідегі жазбалар

Думанымыз – «FEST», сауығымыз – «PARTY» болып тұр

Осы біз неге өзіміздің құнарлы тілімізден, бағзы заманнан сіңісті болып қалған шұрайлы қолданысымыздан жерініп, әр сөзге өзге елдің тіркесін жамап, жаңа термин шығарып әуре болып жүрміз?

Сенбесеңіз, айналаңызға қараңызшы? Дүкен де, қонақ үй де, мейрамхана да қосарлы тілде. Не ағылшынша емес, не қазақша емес. Латыннегізді қазақ әліпбиінде жазылған шығар дейін десең, оған да ұқсамайды.

Қазақ тілді телебағдарлама атауларының «айыртілді» болып алғаны қай заман? «ҚызықTimes», «МазақTimes», «InstaЛайық, «ТойbestStar», «ТәлімTrend», «QosLike», «Қалауым-Live», «ТаңғыStudio», «Мәдениет&Біз», «TOPжарған», «ЖастарCity»… Бейнебір Ұлыбританияның отар елі сияқтымыз.

Бұқаралық-көпшілік іс-шаралардың атаулары да қос тілде. «Жарымжан» тіркестермен атамасақ сценарийімізді бекітпей ме біреу сонда? «Turan Fest», «Almaty Urban Fest», «Kitap Fest», «Қауын fest», «Арбуз-фест», «Тәтті Фест», «Әзіл Фест», «Көрпе fest», «Көкмайса фест», «Бәйтерек фест», «Бауырсақ фест», «Атамекен фест», «Қымыз фест», «Юрта фест», «Көше фест», «Latyn Fest», «Наурыз Фест», «Халал фест», «Мейірім фест», «Бурабике фест», «Алтыбақан фест», «Актау Оупен Фест», «Қазақстан баян-фест», «Қарғалы фест», «Burabay Summer Fest», «Казан фест», «Yessenov Fest», «Үш нүкте Фест», «Әуен Fest», «Нұр-Сұлтан Этно Фест», «Парақ Times», «Домбыра Party», «Бауырсақ party», «Палау party», «Ою-өрнек Party», «Асық Party», «Шұбат Party», «Student’s party», «Библио-Кеш-Party», «Atyrau Party», «The Qazaq Times», «Astana Times»…

«Домбыра Party»-ді «Домбыра думан» десек, «Наурыз Фест»-ті «Наурыз думан» десек, жағымыз қисайып қала ма, әлде? Әй, тым еліктегішпіз-ау, еліктегішпіз.

Ертең аты-жөнімізді де ГүлФест, PartyБек деп өзгертіп жатсақ, таң қала қоймаспыз…

 Бекжігіт СЕРДӘЛІ.

(«Фейсбуктегі» парақшасынан).

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button