Желідегі жазбалар

Қазақ қызы африкалықпен тұрмыс құрды

Қазақ қыздарының шетел азаматтарымен тұрмыс құру оқиғалары кейінгі кездері жиілеп кеткен сияқты. Таяуда «Білім – Медицина kz» сайтында осы тақырыпқа қатысы бар сурет жарияланды.

Желі қолданушысы Әлия Бекіш жариялаған суретке қоса: «Бақытты болсын!

Тиіп алып негрге,

Риза болып өмірге,

Ұзатылып барады,

Африка еліне», – деп жазылыпты.

Бұл жазба жұрттың назарын өзіне бірден аударды. Аз ғана уақыттың ішінде бірнеше ондаған адам оған қатысты өз пікірін білдірді.

«Мәз ғой! Несіне  жетісіп тұр екен екі қыз да?» – деп жазды, мысалы, желі қолданушысы Жамал Төлеубаева. Aiztrt Karakat та: «Жетісіп тұр! Қарап отырып ызаң келеді екен», – деп қыз таңдауын қостамайтынын білдірді. Гүлшара Алтынсарина: «Сабан үйге барып топ ете қалады енді», –  деп оған жаны ашығанын сездіргендей болды. Мәлік Майдан: «Бір-екі жылдан кейін ағайын-туысын, достарын, тіпті қазақша ет жеуді… бәрін сағынар Сол кезде көрер «Африка махаббатының» қызығын», –  деп жазды.

«Көрінгеннің жетегінде кетіп бара жатқан қайран қазағымның қаракөздері, қайтеміз енді… Обалдары әке, аға, інілеріне! Қазақ ешқашан қызын сыртқа жібермеген», – деп кіжінді Боран Абдуллин.

«Африка құрлығындағылардың жағдайы керемет емес екенін бүкіл әлем біледі ғой. Неге мұндай шешім жасады екен? Құрлық асып жетіскенінен келген жоқ бұл негрлер», – деді Али Али есімді желі қолданушысы.

Ал Айбек Ошақбаев: «Ай, жарықтық, өзі де негрге жарайтын қыз екен! Африкаға бақытты болам деп емес, Африканы бақытты етем деп бар!» –  деп кіжіне жазды. Күнсұлу Қайыпова: «Негрлерге бәрібір екен де. Семіз бе, арық па, қазақ болса, болды, ала береді екен де. Ой, жаным-ай, негрдің қасында бауырсақтай болып тұр! Кейін не боларын бір Құдай білсін», – деген пікір білдірді.

Сандуғаш Рзаханова: «Қыздардың өз өмірі өздерінің қолдарында. Өзге ұлттың жетегіне ергісі келіп тұр екен, кете берсін. Бақытты болсын! Менің ойымша, сол  қызды Қазақстан азаматтығынан айырып, өзі кетіп бара жатқан елдің азаматтығына өткізіп жіберу керек. Құда да тыныш, құдағи да тыныш», – деп жазды.

Африкалық азаматқа тұрмысқа шыққан қыздың таңдауына қолдау білдіргендер де бар.  «Мен осы түсінбеймін біздің қазақтарды. Әр қыз біреудің сүйіктісі, әйелі болғысы келеді. Әркім ана болуға қақылы. Егер қазақтар үйленбесе, өмірінің соңына дейін жалғыз болуы керек пе, әлде әйелі бар біреумен көңілдес болуы керек пе? Үйде отырып бала туса, тағы да сөз қыласыңдар. Сонда не істеуі керек?» – деп жазды, мысалы, желі қолданушысы Бағдат Рахимова. «Бұрын басқа ұлтқа шыққандарға ренжитінмін. Кейін қолдайтын болдым. Қазақтың 70 пайыз ер-азаматтары  ез болып кеткен, әйелдерінің, отбасының мазасын алып, балаға тиісіп қадірін білмейтіндерді көргенде қолдадым, лучше бақытты болсын деп. Кім кінәлі?»  – дейді Мархабат Өмішева.

Аты-жөнін Samat Nordman Nurtaza  деп көрсеткен азамат та былай деп жазды: «Әлеуметтік желіде мына қазақ қызды өзге ұлтқа тұрмысқа шықтың деп айыптап жатыр екен. Комменттерді оқып отырып, неткен екіжүзді қоғамбыз деген ойға тоқталдым.

Ей, құдайшылығын айтайықшы, қай бойдақ осындай қызға қарайды? Өз-өзімізді неге алдаймыз? «Фейсбукте» бәріміз ұлт жанашыры боламыз да, кешке кафеде фигурасы зыңдай қыздарға сілекейіміз ағып қараймыз. Сілекей таусылды, уже…

Бұл қарындасымызды түсінуге болады. Өмірге реализммен қарады. Қазақтың жігіті қарамады, уақыт өтіп жатыр. Шетелдік азамат ұсыныс жасады, қыз келісті. Ақылға жеңгізген, дұрыс шешім. Бақытты болсын!»

«Бағы ашылсын! Сені жақсы көріп тұрса, барын беруге дайын болса, ұлт пен жастың  не қатысы бар? Біреудің шешіміне құрметпен қарауды үйрену керек», – деп үн қосты оған желі қолданушысы Дина Тұрарқызы.

…Қысқасы, әлеуметтік желі қолданушылары африкалық азаматқа тұрмысқа шыққан қазақ қызының ісін біраз талқыға салды. Байқап отырғанымыздай, қызды жазғырушылар ғана емес, оның шешіміне қолдау білдіріп жатқандар да бар. Соған қарағанда қазақтың мұндай құбылысқа да еті үйреніп келе жатыр-ау деген ой келеді.

P.S: Бүгінде африкалық азаматпен отбасы құрған бұл қыздың Атырау облысындағы Құлсары қаласының Зайда есімді тұрғыны екені айтылуда. Ол «Теңіз» компаниясында жұмыс істейді, ағылшын тіліне жетік деседі. Ата-анасы қыздарын күйеу балаға қазақтың дәстүрімен құдалық той жасап ұзатқаны жөнінде айтылып жатыр.

Б. РЫСҚҰЛ.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button