Желідегі жазбалар

Қалтасынан қағылса, қазақша үйренер еді

Жұмысқа таксимен барамын. Көбіне қазақ жүргізушілер, кейде тәжік, кәріс кездесіп қалады.

Бірде орыс келді. Салондағы айнаға телефон нөмірін жапсырып қойыпты.

— Каспий» осы ма? – деп сұрап едім, бағанадан үнсіз келе жатқан таксист көсілді.

— Қазақтар орыс тілін әбден ұмытқан (напрочь забыли), нөмірді қазақ тілінде айт деп талап етеді, – дейді ғой.

— Е, нөміріңізді қазақша үйреніп, айта салмайсыз ба, түк те қиын емес. Мен қазір көмектесіп жіберейін, – дедім.

— Мәселе тек нөмірде емес. Мысалы, мен тапсырыс алып, жақындаған кезде телефон соғып, бәлен жерге кел, аулаға кір деген өтініштерін қазақ тілінде айтады. Орыс тілінде қайталашы десем, отмена жасап тастайды. Бір емес,бірнеше рет осылай болды.

— Онда қазақ тілін үйренуіңіз керек екен.

— Мен оны қалай үйренемін, мектепте қазақ тілі жүрген жоқ!

— Мектепке бір сөз орысша білмей барған мен төрт айда сөйлеп кеттім, ниет болса жеткілікті, — деп едім жиырылып, жақтырмай қалды.

— Қалтаңыздан қағылып отырсаңыз үйренесіз де, — деп түсіп кеттім.

Осылар қызық-ей, мен сонда: «Ойбу, қатты қиын болды» деп оны қолдайды деп ойлады ма екен…

Дәмеш ИСАХАНОВА.

(«Фейсбуктегі» жазбасы).

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button