Желідегі жазбалар

Әлемді электр көліктері жаулайтын күн алыс емес

80-ші жылдары Американы жапон көліктері жаулай бастады. Ол кезде мен Ford Motor компаниясында жұмыс істейтінмін.

Сонда мен ІІ-ші Фордқа жапондардың екпіні қатты екенін ескерттім. Алайда ол: «Кішкентай көліктер нарығын жапондар ала берсін, үлкен машиналар біздікі боп қала береді», – деді.

Жапондар Америка нарығын біз ойлағаннан тез жаулап алды. Америкада арзан жапон көліктері қаптап кетті. Nissan, Toyota, Suzuki-лер көптеп кірді. Жапон мотоциклдері де келді. Оған дейін Американың мотоцикл нарығын ағылшындар иемденген еді. Жапондар ұлыбританиялықтардың үлесін де тартып алды.

Ол кезде Америка нарығының 50%-ын General Motors тек өзі ғана билеп отырған. Ford – 20-25%. Chrysler – 15-20%.

Ал қазіргі жағдай мүлдем басқаша. General Motors 16-18%. Бұл 5-6 жылда ғана осылайша өзгерді. Бұған әсер еткен – мұнай эмбаргосы мен бензиннің қымбаттауы. Содан Америкада үлкен пикап мінетіндер қатты азайды. Мәдени және экономикалық өзгеріс басталды. Халық жаппай кішкентай машинаға ауысты.

Қазір де, араға 35 жыл салып, дәл сондай жағдай болып жатыр. Кезінде жапондар кішкентай көліктерімен Американы қалай жаулап алған болса, жақын уақыттағы бірнеше жылда Қытай электр көліктері Американы солай жаулап алады.

Мен соңғы жылдары Қытаймен тығыз қарым-қатынастамын. Өйткені бір жылдың үш айында іс-сапармен Қытайда боламын. Сондағы электр көліктерінің дизайнын жасауға қатысамын.

Қытайда 2018 жылы 27 млн. электр көліктер өндірілген. Биылғы көрсеткіш – 24 млн-дай. Ал АҚШ-та 2018 жылы 17 млн. болса, 2021 жылы 15 млн. электр көліктер өндірілген.

Қытайдан электр көліктер цунамиы келе жатыр. Бейне бір 80-ші жылдардағы жапон көліктері сияқты. Ол жылдары Toyota Америкаға кірді де, бүкіл нарықты жаулады, нарықтағы көшбасшы болды.

Қытайдың электр көліктері де бәсекеге өте қуатты. Барлық ірі компаниялар Қытайда жүр.

Трамптың кезінде Қытай көліктеріне тосқауыл қойылған болатын. Содан біраз уақыттан кейін General Motors, Ford, BMW, Mercedes, Volkswagen шырылдап кетті. Әсіресе, Volkswagen. Олар Қытайда байлыққа белшесінен батып ақша жасауда.

Дәл қазір Қытаймен салыстырғанда АҚШ компаниялары электр көліктер жағынан артта қалған. Технология жағынан ғана емес. Қытайлар өте еңбекқор. Оларда дизайн мен технология жағынан қатты алға кетіп бара жатыр.

– Тесла ше?

– Тесла? Ол енді мүлдем басқаша. Ол мүлдем басқа категорияда. Олардың дамуы – сұмдық. Бір күн қарамай қалсаң – технологиясы керемет дамып барады. Әр уақыт сайын жаңартылған технология. Инженер ретінде айтайын: Таңғажайып.

– Енді Тесла да Америкада ғой. Ол неге озық? Өзгеше? Айырмашылығы неде? Онда да америкалық жұмысшылар істейді емес пе?

– Тесланың айырмашылығы – Илон Маскта ғана. Илон Маск – өте ғажайып адам. Технологияға қатты берілген, болашақты көре алатын, көреген адам. Мені қатты таңғалдырды. Ол нағыз технократ. Көлік дизайнына ол өзі келіп қатысады. Оның өзі өте мықты инженер. Мен соншама көлік компанияларында жүріп, көлік дизайнына қатысатын бас атқарушы директорды көрмеппін. Тек Илон Маск қана. Ол зымыран дизайнына да қатысады.

Америка шахматтағы әскер сияқты, бір-бір қадам жасағанына қуанып жүр. Қытай мен Жапония сияқты елдер ұзақ уақытқа жоспар жасайды. Ұзақ мерзімді стратегиялық жолмен жүреді. Ал біз кері кетіп барамыз. Қара да, тұр – екі жылда бізде трагедия болады…

Сэнди Манро – американдық автомобиль инженері. General Motors, Ford-пен ұзақ жыл істес болған қарт инженер, кеңесші-дизайнер.

(Қанат Доғалов парақшасынан).

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button