Желідегі жазбалар

Ағашқа бай, қағазға кедейміз…

Мен бүгін Ауғанстанның алғаш рет Қазақстанға қағаз экспорттағанын естіп, таң қалдым. Бұрын өздерінде қағаз тапшы болған. Мыңдаған тонна қағазды шетелден сатып алып келіп отыратын олар. Енді сол қағазды өздері шығарып, бір бөлігін Қазақстанға жіберіпті.

Ауғанстанның қасында ағашқа «баймыз» ғой. Ауғандар оны шетелден, арғы жағындағы Пәкістаннан алып келеді екен. Оны өңдеп, қағаз қылып шығара бастапты.

Өткенде қағаз жетпей жатыр деп шулап еді. Ауғандар секілді біз де өстіп қағаз шығара алмаймыз ба сонда? Үндістан мен Непалда матаның қалдығынан, макулатурадан, бамбуктан, бананның жапырағынан, күріштің кебегінен де қағаз шығара береді. Оған міндетті түрде дайын ағаш керек емес.

Оларды қойып, іргеміздегі өзбектің өзі қағаз шығаруды бізден екі жыл бұрын бастап қойды!

Жолымбет МӘКІШ.

(«Фейсбуктағы» жазбасы).

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button