Ел іші

Жаздың алғашқы күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» синоптиктері 31 мамыр мен 1-2 маусымдағы ауа райын болжады.

Синоптиктердің болжамынша, мамырдың соңғы күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтілуде. Республика бойынша жел күшейеді.

Алайда 1 маусым күні Қазақстанның батысына Солтүстік антициклон әсер ете бастайды. Ол шығыс бағытта республика аумағы арқылы ығысады, жауын-шашын біртіндеп тоқтап, температура төмендейді.

1 және 2 маусымда еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді деп болжанып отыр.

31 мамырда Нұр-Сұлтанда найзағай ойнайды, аздап жаңбыр жауады. Түнде +18 градус, күндіз +22 градус жылы.

Алматыда да күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай жарқырайды. Түнде +14 градус, күндіз +18 градус.

Шымкентте күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +13 градус, күндіз +28 градус ыстық.

«Замана»-ақпарат.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button