Ел іші

Тағы да қуаңшылық болуы мүмкін

Еліміздің Ауыл шаруашылық министрлігі осылай қауіп қылады. Ербол Қарашөкеев биыл да қуаңшылық болу қаупі бар, сондықтан шаруалар жем-шөп дайындауға ертерек кіріскені жөн дейді.

Жем-шөп тапшылығының алдын-алу үшін Маңғыстау облысында мал азығы үшін 650 миллион теңге бөлінген. Бұл туралы аймаққа жұмыс сапарымен барған ауыл шаруашылығы министрі айтты. Ведомство басшысы ондағы фермерлермен кездесіп, жергілікті операторлардың қоймаларын қарап шықты.

Төрт түлікті жем-шөппен қамтамасыз ету, аудан әкімдерінің тікелей міндеті екенін айтып, олардың әлі де болса іске енжарлығын атап өтті. Маңғыстау облысында 82 мың түйе мен 114 мыңдай жылқы тіркелген. Ұсақ мал саны 360 мыңнан асады.

«Жағдай қиын. Біз былтырғыдан игерілмей қалған 650 миллион теңгені мал азығын арзандату үшін бөлдік. Қазір жергілікті әкімдіктер ауыл-ауылды аралап, малдың басын түгендеп жатыр. Мал азығын арзандатуға ақша төленетін болады. Азық-түлік корпорациясы тарапынан арзандатылған кебек жібердік. Бары сол 220 тонна болды. Қазір 1 мың тоннадай кебек Маңғыстау өңіріне жіберіліп жатыр. Негізі Қазақстан бойынша кебектің бағасы 75-100 теңгеге дейін»,- деді Ербол Қарашөкеев.

«Замана»-ақпарат.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button