Ел іші

Тағы бір шенеунік ұсталды

Елде газ бағасын себепсіз көтергендерге қатысты тергеу жалғасып жатыр. Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

Бұған дейін Маңғыстау облысында газ бағасын 60 теңгеден 120 теңгеге дейін көтергендерге байланысты тергеу жұмыстары басталған. ҚР Қаржы мониторингі агенттігі «қазақ  газ өңдеу зауыты» ЖШС басшыларын ұстаған болатын. Бәсекелетікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада сатумен айналысатын 180 кәсіпкерлер бар екенін хабарлаған. Оларға қатысты қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Бұл мәселеге қатысты вице-министрдің ұсталғаны туралы «@yedilov» телеграм арнасында жазылды. Автор: «Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасының негізсіз өсуіне қатысы шенеуніктер ұсталды. Олардың арасында аукционда айла-шарғымен айналысқан электрондық сауда алаңдарының басшылары да бар. Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевты ұстаған», – деп жазады. Бірақ ресми органдар әзірге үнсіз.

Айта кетейік, Жұмабай Қарағаев 1971 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Оның мемлекеттік қызметте және жеке секторда 21 жылдық еңбек өтілі бар. Әр жылдары Атырау және Маңғыстау облыстарындағы бірқатар жеке компанияларды, Атырау әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқарған. Ол кезінде Атырау облысы мен қаласы әкімінің орынбасары, Мақат ауданының әкімі қызметін атқарған. Энергетика вице-министрі лауазымына 2019 жылы тағайындалған.

«Замана»-ақпарат.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button