Ел іші

Шымкентте тұратын нигериялық азамат айтқан тосын әңгіме

Шымкентте тұратын нигериялық Джейкоб Чияолам Соломонға қаңтар оқиғасы кезінде «лаңкес» деген айып тағылып, бостандыққа шығу үшін ақша төлеуге мәжбүр болған, деп хабарлайды «zamana.kz» ақпараттық порталы жергілікті «Отырар» арнасына сілтеме жасап. 

Ер адам Қазақстанға бір жыл бұрын Нигериядан келген. Алғашында Алматыда ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Оңтүстік астанада алаяқтар оған ұрлық жасады деп айыптамақ болған, осыдан кейін Джейкоб Шымкентке көшуге шешім қабылдаған.

«Алматыда ағылшын тілін білетін қызбен таныстым. Екеуміз дос болып кеттік, ол мені үйіне шақырды, онда қыздың боксшы немере ағасы да болды. Біз жақсы уақыт өткіздік, содан кейін мен үйге қайтқым келді. Бірақ олар маған такси шақырып, менімен бірге хостелге барды. Келгеннен кейін, қыздың ағасы iPhone-нын жоғалтып алғанын айтып, мені ұрлады деп айыптай бастады. Мені толығымен тінтіп шықты, ештеңе таппады, мен оларға бөлмемді тексеруді ұсындым. Сосын маған қабылдау бөлмесінің адамдары келіп, бұл алаяқтар болуы мүмкін, олар полицияға хабарласып, сізді ұрлық жасады деп айыптайды, ал полиция сізді түсінбеуі мүмкін деді. Мен оларға осы нәрсені айттым, қыз ертесіне кешірім сұрады, бірақ мен онымен байланысымды тоқтаттым. Содан кейін олардың өздері телефонды матрастың астына жасырғаны белгілі болды», – деді Джейкоб.

Шетелдік үшін қиындықтары мұнымен біткен жоқ. Шымкентте қаңтар оқиғасы кезінде Джейкобты үйіне қайтып бара жатқан жолда ұстап алған. Нәтижесінде, ер адамның айтуынша, ол ақшасынан және AirPods-ынан айырылған. .

«Қаңтар айындағы оқиғалар кезінде мен үйге таксимен бардым, бізді бетперде киген адамдар тоқтатты. Алдымен такси жүргізушісін тексеріп, содан кейін олар маған өтіп, мені тексерді. Сосын менен 25 мың теңге қолма-қол ақша мен эйрподсымды алып кетті. Содан кейін олар менің телефонымды тексере бастады, ватсапты ашты, мен митингілер туралы видеоны жіберіп, достарыма үйде отырыңдар деп жазған едім. Мені террорист деп айыптай бастады. Олар басқа көлікке отырғызып: «Сенде қанша бар?» деп сұрады, мен: «Менде ақша жоқ» дедім. Содан кейін олар каспийді ашып, біреудің нөміріне 50 мың теңге аударуды сұрады. Менде басқа шара болмады. Осыдан кейін олар мені көліктен шығарып: «Кет» деп айтты», – дейді шетелдік азамат.

Барлық қиыншылықтарға қарамастан, Джейкоб құқық бұзушыларды  кешірді. Шымкентте шетелдік азамат достар тауып, қазақ тілін үйрене бастады. Мұнда ол жақсы жұмыс жасап, тұрақты жалақы алады.

«Мен бұрынғы жұмыс берушім – Шахноза ханыммен дос болдым. Ол мені әрдайым қолдады. Алматы, әрине, керемет қала, бірақ бәсекелестік жоғары, Шымкентке көшуге осы да себеп болды. Шымкентте бірнеше жерде жұмыс істедім және әріптестеріммен жақсы тіл табыстым. Қазір мен жеке мектепте мұғалім болып жұмыс істеймін, әріптестерім де мені қолдайды», – деді нигериялық жігіт.

«Замана»-ақпарат.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button