Ел іші

Шаңды дауыл тұрады, жел күшейеді

Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жариялады.

Метеорологтардың мәліметінше, 25 қарашада күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде таулы аудандарда күші 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, таулы аудандарда 23-28 м/с жетеді.

Шымкент қаласында оңтүстік-батыста желдің күшеюі күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болып, облыстың оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Одан бөлек, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысып, облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20, 23 м/с дейін жетуі мүмкін.

Күндіз 25 қарашада Батыс Қазақстан облысында солтүстіктен жел соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысып, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында күші 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Ал Ақмола облысының оңтүстік-шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, кейін солтүстікке, солтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.

Нұр-Сұлтан қаласында 25 қарашада бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде де көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші облыстың солтүстігінде және орталығында 15-20 м/с жетеді деп күтілуде.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында 25 қарашада түнде көктайғақ болады, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал. 25 қараша күні Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Бүл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

«Замана»-ақпарат.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button