Ел іші

Павлодар облысында бірнеше адам белгісіз заттан уланып көз жұмды

Павлодар облысының Ертіс ауданында жеті адам белгісіз заттан улланып,  көз жұмды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

«27 мамыр күні сағат 22.17-де Ертіс ауылында үйден 1955 жылғы ер адам мен 1990 жылы туған ұлының денелері табылды. Сондай-ақ 28 мамыр күні сағат 07.15-те аудандық ауруханада 1975 жылғы және сағат 18.00 шамасында 1969 жылғы ауыл тұрғындарының қайтыс болғаны анықталды. Сағат 07.24-те үйден 1957 жылғы зейнеткердің мәйіті табылды», – делінген хабарламада.

Кейін ауруханада жатқан үш адамның тағы екеуі көз жұмды. Қазір бір науқас ауыр халде қалалық үшінші ауруханада жатыр. Дәрігерлердің ем-домына қарамастан оның жағдайы ауырлап барады.

Айта кетейік, полиция бүкіл көз жұмғандардың Ертіс ауданы тұрғынының үйінде бір ыдыста сақталған шығу тегі белгісіз сұйықтықты ішкенін анықтады. Ыдыс алынып, сұйықтықтың қалдығына сараптама жасалатын болды. Зерттеу нәтижесі бойынша өлімнің себебі анықталады.

«Замана»-ақпарат.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button