Ел іші

Пәтер әперемін деп алдап кеткен

Шымкент қаласы, Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Арызданушының айтуынша, өзінің танысы көпқабатты үйлердің бірінен мемлекеттік бағдарлама арқылы қысқа мерзімде пәтер алуға көмек беремін деп сендірген. Осылайша 650 мың теңгесін алаяқтық жолмен иемденіп алған. Алайда арада уақыт өте не пәтер, не ақшасын қайтармай ізін суытқан.

Аталған жайтты ашу мақсатында Абай АПБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, азаматшаның жеке-басын анықтап, оны басқармаға жеткізді. Ол 38 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, полиция қызметкерлері ұсталған азаматшаның арызданушыдан алған қаражатты өзінің қажеттілігіне жаратып жібергенін анықтады. Қазіргі уақытта азаматшаға қатысты ҚР ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы орайда шымкенттік тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарына алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін, сақтық шараларын қатаң ұстануды сұрайды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі алаяқтықтың құрбаны болған жағдайда тез арада полицияның «102» арнасына хабарласуды ескертеді.

«Замана»-ақпарат.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button