Ел іші

Қостанайда прокурор өз-өзіне қол жұмсады

Қостанайда қала прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің аға прокуроры асылып өлді.

Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі қайғылы оқиға 5 мамырда болғанын нақтылады.

«5 мамыр күні таңертең Қостанай облысы аумағындағы орман белдеуінде Қостанай қалалық прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің аға прокуроры ағашқа асылып тұрған күйінде табылды. Өз-өзіне қол жұмсау фактісі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркелді. Қостанай облысының полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр», – деді Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Ведомство оқиғаның себептері анықталып жатқанын түсіндірді.

Прокуратураның мәліметінше, ер адамның прокуратурадағы жұмыс өтілі төрт жыл болған. Қызметкердің артында әйелі мен кішкентай қызы қалды.

«Замана»-ақпарат.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button