Ел іші

Оралдағы түрмеде жаппай төбелес болды

Батыс-Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті полицейлермен бірге Оралдағы түрмеде болған оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Жаппай төбелес кезінде он адам жарақат алды, деп хабарлайды «Zamana.kz» «Мой город» газетіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, 10 мамырда таңғы сағат бестің шамасында РУ-170/2 мекемесінде сотталғандар арасында жаппай төбелес басталды. Қамауда отырғандар пышақ пен үшкір заттарды пайдаланды деген ақпарат бар.

Колониядағы жағдайды бақылауға алу үшін қосымша күштерді шақыруға тура келді.

«Кезекші нарядтың күшімен жанжал 10 минуттың ішінде басылды. Төбелеске қатысқандардың барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Бәрін көпсалалы облыстық ауруханаға алып барған. Олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ», – дейді департаменті мамандары.

Ал полицейлер Қылмыстық кодекстің 107-бабы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады.

«Төбелес кезінде сотталғандар қолға түскен заттарды, атап айтқанда, ілгіштердің металл элементтерін пайдаланды, пышақтар мен үшкір заттар анықталған жоқ. Қамауда отырғандардың тарапынан арыз-шағым түскен жоқ. Қазіргі кезде қызметтік тергеу де басталды», – деп атап көрсетті тәртіп сақшылары.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, түрмеге жедел жәрдемнің бес бригадасы барған. Төбелес кезінде он адам жарақат алды. Олардың ішінде екеуі медициналық көмектен бас тартты, жетеуі облыстық ауруханаға жеткізілді.

«Барлығы әртүрлі жарақат алған, денелерінде кесілген жаралар да бар. Медициналық көмектен кейін барлығын қайта түрмеге жіберді. Біреуін аурузанаға жатқызуға тура келді. 37 жастағы ер адамда тілінген жаралар бар, төменгі жақ сүйегі сынған», – деді дәрігерлер.

«Замана»-ақпарат.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button