Ел іші

Министрлердің жеке-жеке ұшақтары бар ма?

Қазақстандықтар кешеден бері қазынадан миллиондаған қаржы бөлінетін мемлекеттік рейстерді талқылап жатыр. Оған мемлекеттік сатып алу сайтындағы мәлімттер себеп болған.

Аталмыш сайттағы мәліметтерге қарағанда, министрлер кабинетінің мүшелері мемлекеттік «Бүркіт» әуе компаниясымен ұшады екен. Мәселен, желтоқсан айында Премьер-Министрдің кеңсесі тасымалдаушымен жарты миллиард теңгеге келісімге қол қойған. Осы келісім аясында ақпан айында «Бүркіт» Алматы–Талдықорған–Нұр-сұлтан бағытында 9,4 млн теңгеге ұшқан. Бұл күн премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың осы қалаларға іс-сапарымен сәйкес келеді.

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бүгін осы мәселеге қатысты түсініктеме берді.

«Министрлердің жеке ұшақтары жоқ. Жақында ғана Жамбылға іссапармен барғанымда барлығы бірге жүретін ортақ орын SCAT әуе компаниясының рейсімен ұштым. Бизнес класс жоқ, барлық орындар бірдей. Мен Қарағандыға көлікпен бардым. Мен әрбір министрді бақылай бермеймін, бірақ министрлердің жеке ұшағы жоқ, сондықтан олардың барлығы белгіленген ұшақтармен ұшады», – дейді Е. Тоғжанов.

«Замана»-ақпарат.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button