Ел іші

Коронавирус күшіне мінді

Әлемде коронавирус инфекцияның кезекті толқыны жүріп жатыр. Қазақстанда да онымен ауырғандар қатары көбейіп келеді. Сәрсенбі күнгі мәлімет бойынша, елде бір тәулікте 9 122 адамның коронавирус инфекциясы анықталған. Ал жалпы ел бойынша ауырғандар саны  1 013 586 адамға жетті.

Алдағы жағдай бұдан да күрделене түсетін сияқты. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният тәулігіне 40 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін айтты. Ведомствоның эпидемиологиялық жағдайға қатысты жасаған болжамы мынадай: егер тұрғындар 100 пайыз ревакцинация алып, жаппай сақтық шараларын ұстанатын болса, тәулігіне 17,5 мың жағдай тіркелуі мүмкін. Бұл – оптимистік сценарий. Ал реалистік сценарий бойынша, 70% ревакцинация жағдайында тәулігіне 25,5 мың жағдай анықталады деп күтілуде. «Пессимистік сценарий кезінде – ревакцинациямен 40% аз қамтылғанда, профилактика шараларын сақтамағанда тәулігіне 40 мыңға дейін жағдай тіркеледі», – дейді министр. Бұл коронавирустың өте жылдам таралатын «омикрон» штамын туғызып отырған толқын.

«Замана»-ақпарат.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button