Ел іші

Әкімдердің рейтингі жол сапасына қарай анықталады

Қазақстандағы әкімдердің рейтингі жол сапасы арқылы анықталады. Бұл туралы үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты., деп хабарлайды «Zamana.kz» ақпарат порталы «Tengrinews.kz» сайтына сілтеме жасап.

Министр орындалған жұмыстардың сапасын бақылауды арттыру мақсатында «Көлік туралы» заң жобасы аясында кепілдік мерзімінде мердігерлермен тең дәрежеде авторлық және техникалық қадағалаудың бірлескен жауапкершілігі енгізілгенін атап өтті.

«Сонымен қатар, жолдардың сапасын қамтамасыз ету үшін мыңнан астам нормативтік құқықтық актілер қайта қаралып жатыр. Өңірдегі жолдардың сапасы бойынша әкімдердің рейтингін анықтаудың әдістемесі әзірленді», – деді министр.

«Замана»-ақпарат.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button