Ел ішіТосын жай

Кезексіз үй әперемін деп ауыздарын аңқитып кеткен

Шымкентте мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер әперемін деп тұрғындарды алдап соққан азаматша ұсталды.

Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында бұрынөсоңды таныс емес азаматша Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан кезексіз үй алып беремін деп, 1 000 000 теңгесін қолма-қол иемденіп алғанын, алайда арадағы уәде орындалмағанына 1 жыл толғанын көрсеткен. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті.

Абай АПБ Криминалды полиция бөлімі қызметкерлері атқарған жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде жергілікті тұрғын ұсталып, басқармаға жеткізілді. Ол жұмыссыз жүрген, бұрыннан осындай алаяқтық жайтына қатысы бар азаматша болып шықты.

Сондай-ақ шымкенттік полицейлер күдікті азаматшаның 10 тұрғыннан алаяқтық жолмен ақша алғанын анықтады. Яғни, оларға да үй алып беремін деп, жалған сөздерімен сендірген. Бұл ретте жәбірленуші тұрғындар өз ақшасын қайтарып алу мақсатында полицияның көмегіне жүгінді. Қазіргі уақытта ұсталған азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы орайда шымкенттік тәртіп сақшылары қала тұрғындарына алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды сұрайды, белгісіз азаматтарға сенбеу керектігін қатаң ескертеді.

«Замана»ақпарат.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button