Ел іші

Кейбір азаматтарға кредит берілмейтін болды

Қазақстанда кредиттің пайыздық ставкасы төмендейтін болды. Бірақ бұл жақсы жаңалықтың жұрт үшін жайсыз бір жағы бар: енді кредит барлық азаматтарға бірдей берілмейді. 

Тұтынушылық кредиттердің мөлшері бизнесті кредиттеу көлемінен асып кеткен. Президент бұл қаржы нарығын құбылтып, әлеуметтік тұрақсыздық қаупін тудыруы мүмкін екенін ескерткен болатын. Соған сай ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жаңа жоба әзірлеп жатыр. Енді алдағы уақытта кейбір азаматтарға банктік несие берілмеуі мүмкін.

Үкімет отырысында Агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымова: «Қазақстанда кредиттердің пайыздық ставкасы төмендетіліп, несие төлеуге шамасы жетпейтін азаматтарға кредит беру шектеледі», – деді.

Алдағы уақытта коллекторларға берілген проблемалы берешек мәселесі де қайта қаралатын болады. Ол Президент тапсырмасы бойынша әзірленіп жатқан «Жеке тұлғалардың банкроттығы» туралы заң жобасы аясында іске аспақ.

«Замана»-ақпарат.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button