Ел іші

Грантқа түсіремін деп он адамды алдап кеткен

Шымкентте бірнеше адамды алдап, ақшасын иемденіп кеткен азаматша ұсталды.

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына қала тұрғыны арызданған. Ол өз арызында қала аумағындағы оқу орнында ақылы оқитын қызын танысы грантқа өткізіп беремін деп, сеніміне кіргенін көрсеткен. Алайда арада уақыт өте не уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай жүрген екен. Келтірілген шығын көлемі 800 мың теңгені құрайды.

Әл-Фараби АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, сезікті әйелді қолға түсірді. Тергеу барысында оның осыған ұқсас 10 алаяқтық жайтына қатысы бар екені анықталды. Барлық жағдайларда ол жәбірленушілердің сеніміне кіріп, оқуға түсуге және грантқа өтуге көмектесемін деп алдаған. Соңынан ақшаларын иемденіп, ізін суытқан.

Қазіргі кезде азаматша жәбірленушілерге бас-аяғы 5 миллион теңгеден аса залал келтіргені дәлелденіп отыр. Одан бөлек, басқа да аляқтық қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда аталған азаматшаға қатысты ҚР ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Замана»-ақпарат. 

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button