Ел іші

Боран соғып, көктайғақ болады

Қазақстанға Баренц теңізі аумағынан циклон келе жатыр. Соның әсерінен демалыс күндері республиканың көп бөлігінде қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады.

«Қазгидромет» мамандары 15-17 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын айтты. Синоптиктердің айтуынша, еліміздің көп бөлігінде н жауын-шашын, қар, боран, көктайғақ болады. Кей аймақтарда 15-28 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Еліміздің батысы, солтүстігі, оңтүстігінде 30 м/с дейін жететін екпінді жел болады. Термометр бағандары 17 қаңтарға жақын, түнгі уақытта батыста 5-13 аязға дейін, солтүстік өңірлерде 5-15 аязға дейін төмендейді.

Елдің оңтүстігінде -5…+5 градус болады деп болжайды мамандар.

Бұл күндері Алматыда күн бұлтты, түнде -1°C, күндіз +9°C болады. 16 қаңтарда жаңбыр жауады, түнде 0°C, күндіз +13°C көрсетеді. 17 қаңтарда күн бұлттанады, жаңбыр жауады. Түнде +2°C, күндіз +8°C жылы болады.

Нұр-Сұлтан қаласында 15 қаңтарда түнде -10°C, күндіз 0°C көрсетеді. Жаңбыр аралас қар жауады. 16 қаңтарда қар жауады, түнде -11°C, күндіз -1°C көрсетеді. 17 қаңтарда қар жауады, түнде -8°C, күндіз -3°C.

Шымкентте 15-17 қаңтар аралығында жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +5…+7°C аралығында болады. Күндіз 15-16 қаңтарда ауа температурасы 12°C көрсетсе, 17 қаңтарға қарай төмендеп, +7°C жетеді.

Жарас ҚАСЫМ.

Толығырақ

Ұқсас жазбалар

Back to top button